Түркия Қазақстанға тілеулестік білдірді
Сыртқы істер министрлігі жазбаша мәлімдеме жариялады.
2125679
Түркия Қазақстанда болған су тасқыны үшін тілеулестік білдірді.
Сыртқы істер министрлігі жазбаша мәлімдеме жариялап, Қазақстанның түрлі аймақтарында жалғасып жатқан су тасқыны нәтижесінде он мыңдаған қазақстандықтың эвакуацияланғанын естіп, қиналғандарын жеткізді.
Қазақстан халқы мен үкіметіне тілеулестік білдірілген мәлімдемеде «Түркия апаттағы зардаптың өтелуі үшін барлық көмекті беруге дайын» деп айтылды.
Қазақстанда қардың еруімен басталған су тасқындары жалғасып жатыр. Су тасқыны болған аймақтардан шамамен 60 мың адам эвакуацияланды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін 19 мамыр – Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күні мерекесі
Түркия Республикасы мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының ресми мерекелік күні.