Терроризммен күрес жалғасып жатыр
Соңғы екі аптада PKK-ға мүше 75 террорист залалсыздандырылды.
2129441
Ирак пен Сирияның солтүстігінде терроризммен күрес операциялары жалғасуда.
Соңғы екі аптада Ирак пен Сирияның солтүстігінде жүргізілген операцияларда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға мүше 75 террорист залалсыздандырылды.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап залалсыздандырылған лаңкестердің саны 748-ге өсті. Олардың 331-і Ирактың солтүстігінде, 417-сі Сирияның солтүстігінде залалсыздандырылды.
Террорлық ұйымның ыдырау процесі жалғасып жатыр.
Ирактың солтүстігіндегі лагерьлерден қашқан тағы бір PKK террористі 4 сәуір күні Хабурдағы шекара бекетінде ел қарулы күштеріне берілді.