ҰБҰ-ның басшысы Ибрахим Калын Сомалиге барды

Сомали  президенттік аппараты Ибрахим Калынның Сомали сапары туралы мәлімдеді.

2134068
ҰБҰ-ның басшысы Ибрахим Калын Сомалиге барды

Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Ибрахим Калын Сомалидің бас қаласы Могадишоға сапары барысында Сомали президенті Хасан Шейх Махмудтың қабылдауында болды.

Сомали  президенттік аппараты тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Могадишоға барған Калынды Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд қабылдады. Кейін Калын Ұлттық барлау мен қауіпсіздік агенттігінің (NISA) төрағасы Абдуллахи Мұхамед Алимен бас қосты.

Қауіпсіздік және барлау салаларында «Аш-Шабаб» террор ұйымымен күрес талпыныстары талқыланған отырыста аймақтық тұрақтылықты қалыптастыру және Түркия мен Сомали арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты күшейту жөнінде пікір алмасылды.

Сомали президенті Махмуд қабылдауда Сомали үкіметінің екі елдің қауіпсіздік мәселелері, әсіресе лаңкестікпен күресу саласындағы ынтымақтастығына басымдық беретінін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар