Түркия Палестинаның БҰҰ-на толық мүшелігін қолдайды

Түркия Палестинаның Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) толық мүшелік өтінішіне үздіксіз қолдауын қайталады.

2134370
Түркия Палестинаның БҰҰ-на толық мүшелігін қолдайды

Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты өкілі Елші Ахмет Йылдыз Палестинаның Біріккен Ұлттар Ұйымына толық мүше болуын талап еткен қарар жобасына байланысты Америка Құрама Штаттарының вето қоюына байланысты БҰҰ Бас ассамблеясында өткен жиналыста сөз сөйледі.

«Біз Палестинаның БҰҰ-на толық мүшелік туралы өтінішін айнымас қолдайтынымызды растаймыз» деген Йылдыз халықаралық қауымдастықты Палестина халқының негізгі құқықтарын мойындап, Палестина мәселесін шұғыл шешуге шақырды

Йылдыз «Түркия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде вето құқығын қолданудың Палестина халқының заңды талаптарына кедергі болмауы керек деп санайды. Бұл жағдай (Израиль мен Газадағы Хамас арасында) дереу атысты тоқтатуға кедергі болмауы керек» деді.                    



Ұқсас жаңалықтар