"Ирактың PKK-ны террор ұйымы деп жариялауын күтеміз"

Ирак үкіметінің PKK-ны тыйым салынған ұйым деп жариялауының маңызды қадам болатынын айтты.

2136228
"Ирактың PKK-ны террор ұйымы деп жариялауын күтеміз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Ирактың PKK-ны террор ұйымы деп жариялауын күткендерін айтты.

Президент Ердоған үкімет отырысынан кейін мәлімдеме жасады.

Ердоған 13 жылдық үзілістен кейін өткен айда ауқымды делегациямен Иракқа жасаған сапарының нәтижелері тұрғысынан тарихи маңызы бар екенін атап көрсетті. Ирак үкіметінің PKK-ны тыйым салынған ұйым деп жариялауының маңызды қадам болатынын айтты.

«Сонымен қатар PKK-ның террор ұйымы деп жариялануын күтетінімізді білдірдік. Ешбір мемлекет мұндай қауіпті елеусіз қалдыра алмайды. Алдағы кезеңде сепаратистік ұйымға үлкен соққы енгіземіз. Біз не қажет болса да істеуден тартынбаймыз» деді ол.

Ердоған терроризммен күресте табандылыққа да тоқталды.



Ұқсас жаңалықтар