Түрік ғарышкер суборбитальды миссияға қатысады

Бұл миссия  ғылыми зерттеулерге үлес қосады.

2136581
Түрік ғарышкер суборбитальды миссияға қатысады

Түрік ғарышкер Тува Джихангир Атасевер суборбитальды миссияға қатысады.

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр ел астанасы Анкарада өткен баспасөз мәслихатында Тува Джихангир Атасевердің суборбитальды зерттеуге қатысатынын мәлімдеді.

Ғарышкер Атасевер суборбитальды зерттеу үшін 8 маусымда АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы ғарыш айлағынан ұшады. Бұл миссия  ғылыми зерттеулерге үлес қосады.

Министр Кажыр «Осы суборбитальды зерттеу ұшуынан кейін біз Ұлттық ғарыштық бағдарлама аясындағы мақсаттарымызға жету жолындағы жұмысымызды жалғастырамыз. Бейбітшілік пен ынтымақтастық рухының символы болып табылатын ғарыштағы халықаралық ынтымақтастығымызды алдағы кезеңде де жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар