Газаға тағы бір кеме жіберіледі

1900 тонна гуманитарлық көмек кемеге жүктелді.

2136814
Газаға тағы бір кеме жіберіледі

«Түркия-Катар Газа мейірімділік кемесі» бүгін Мерсиннен жөнелтіледі.

Апат және төтенше жағдайларды басқару басқармасы (AFAD) координациясымен дайындалған «Түркия-Катар Газа мейірімділік кемесі» Мерсин портынан жолға шығады.

AFAD координациясында Катар Даму Қоры, үкіметтік емес ұйымдар және Денсаулық сақтау министрлігі берген азық-түлік, денсаулық, гигиена және баспана материалдарынан тұратын 1900 тонна гуманитарлық көмек кемеге жүктелді.

Мерсин халықаралық портындағы дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін кеме қозғалып, шамамен 40 сағаттан кейін Газаға ең жақын аймақ болып табылатын Мысырдың Эль-Ариш портына жетеді.

Осы уақытқа дейін AFAD ТР Денсаулық сақтау министрлігі, Қорлар Бас басқармасы, Түрік Қызыл жарты ай ұйымы және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп 13 ұшақ және 10 кемемен Газаға барлығы 52 мың 16 тонна әртүрлі гуманитарлық көмек материалын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар