Газаға ең көп көмек көрсеткен ел - Түркия

Жалпы гуманитарлық жәрдем 52 мың тоннадан асты.

2137244
Газаға ең көп көмек көрсеткен ел - Түркия

Түркияның Газаға жіберген жалпы гуманитарлық көмегі 52 мың тоннадан асты.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Өнжу Кечели «X» әлеуметтік медиа парақшасында Түркияның Газаға ең көп көмек көрсеткен ел екенін жазды.

«Газаға жеткен гуманитарлық көмектің 30 пайызын қамтамасыз еткен Түркия палестиналықтарға ең көп көмек көрсеткен ел» деді ол. Кечели 1908 тонна гуманитарлық көмек тиеген тағы бір кеменің Мерсин портынан шыққанын атап көрсетті.

Кечели «5066 тонна гуманитарлық көмек тиеген тағы бір кеме Мысырдың Эль-Ариш портына барып жетті. Жалпы гуманитарлық жәрдеміміз 52 мың тоннадан асты» деді.



Ұқсас жаңалықтар