Шетелдік әйел министрлерге шақыру тастады

Министр Гөкташ дүние жүзіндегі кейбір әйел министрлерге және халықаралық ұйымдардың жоғары деңгейдегі әйел өкілдеріне хат жолдады.

2137549
Шетелдік әйел министрлерге шақыру тастады

ТР Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Махинур Өздемир Гөкташ шетелдік әйел министрлерді палестиналық аналармен ынтымақтасуға шақырды.

Министр Гөкташ Аналар күні мерекесіне орай дүние жүзіндегі кейбір әйел министрлерге және халықаралық ұйымдардың, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымының жоғары деңгейдегі әйел өкілдеріне хат жолдады. Гөкташ өз хатында «Бейбітшілікті, әділеттіліктіжәне әлемнің қай жерінде, қандай жағдайда өмір сүрсе де,  барша ананың қадір-қасиетін қорғауға атсалысайық», - деді.

Гөкташ 50-ге жуық адамға жолдаған хатында Израиль шабуылдарының ортасында қиындықтарға төтеп берген палестиналық аналардың төзімділігіне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар