Ата кәсіппен шұғылдануды таңдады

Ұлыбританияда магистратура оқып,  инвестиция саласында ірі бір компанияда құқық департаментінде басшылық қызмет істеп жүрген жерінен жұмысын тастап, жүрегінің қалауы бойынша ата мұрасы қазақ халық аспаптарын таңдаған жас шебер...

Әділ Әбдірахман...

Карьерасының шарықтау шегінде барлығын бір шетке ысырып тастап, атадан қалған кәсіппен шұғылдана бастаған.

Әділ Әбдірахман бірнеше жылдан бері домбыра,  жетіген,  шертер, бас шертер, қобыз секілді қазақтың дәстүрлі аспаптарын шеберлікпен жасап келеді.

Халық аспаптарды жасаудың ұстасы әкесінен жастайынан осы өнерді үйренген Әділ шеберлік кәсіппен айналысудың көптеген артықшылықтары бар екенін айтып берді.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін ұлттық музыкаға және осыған байланысты ұлттық аспаптарға деген  қызығушылықтың артқанын айтқан  Әділ Әбдірахман осы кәсіпті одан әрі жетілдіру мақсатында алдағы уақытта шеберлік мектебі немесе курсын ашуды да армандайды.