Кішкентай бала сирена даусын ести сала жасырынғысы келді

Украинада бір бала әуе шабуылының хабаршысы сирена даусын ести сала жасырынғысы келді.

Украинада бір бала сирена даусын ести сала анасына жасырынғысы келетінін айтты. Екі жасар Теодордың мамасы Эльса баласының түнде сирена даусы шықпаса да «Қорқамын, сирена даусы келіп жатыр» деп сандырақтайтынын айтты.  Эльса видеода «Балаларымыздың соғыс кезеңінің  балалары екенін ойлау – қорқынышты» дейді.

Анасы  Теодордың психологиясында соғыс қалдыратын әсерге қатты алаңдайды.