Жаһандық перспектива - 11

Чанаккаледен өтуге болмайды,  адамдық өлмейді...

929672
Жаһандық перспектива - 11

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

Елдердің тарихында тағдырларына әсер ететін өте маңызды оқиғалар болады.  Осы оқиғалар кейде әлемнің тарихын да өзгертетін күште болады. 103 жылдығы тойланып отырған Чанаккале соғысы да әлем тағдырын өзгерткен осындай соғыс.

Осы соғыста Стамбул басып алынып,  Османлы мемлекеті шеттетіліп,  теңізден Патшалық Ресейге көмек жолдау мақсаттардың кейбірі болатын.  Сондықтан Ұлыбритания,  Франция, Австралия, Канада,  Жаңа Зеландия,  Үндістан секілді елдердің әскерлерінен тұратын одақтас елдер жүзмыңдаған әскерімен Чанаккалеге жиналды.  Теңізден өту үшін бар күштерімен шабуылдады.  Өте алмаған соң құрлықтан келіп,  қорғаныс желісінен өтуге тырысты.  Бірақ алдарына барлық техникалық олқылықтарына, тапшылықтарына қарамастан отанын иманның күшімен қорғаған Османлы армиясы шықты.

Соғыс 1915 жылдың ақпан айында басталды. Сол жылдың желтоқсан айында аяқталды.  Артта жүз мыңдаған өлі,  жоғалып кеткендер,  тұтқындар,  жаралылар қалды.  Тарихтың бәлкім ең ірі қайғы-қасіреті қалды артта. Қаншама жоқтау айтылды.  Бұдан бұрынғы шайқастарда көптеген әскер шейіт болғандықтан,  осы соғыста жас жігіттер мен балалар әскер қатарына алынған болатын.  Сондықтан осы соғыс «он бестіктер соғысы» деп аталады.

 «Әй, он бестік,  он бестік, 

Токат жолы тасты, 

он бестіктер келеді, 

қыздардың көзі жасты»         деген халық әні осыдан келеді.

Сол жылы елдегі көптеген лицейдің оқушылары соғысқа кетті.  Галатасарай,  Измир және мен бітірген, Сұлтан Абдулхамит кезінде ашылған Кония лицейінде оқитын соңғы сынып оқушылары соғысқа кеткендіктен,  сол жылы еш түлек болмаған.

Ақын Акиф «Чанаккале шейіттеріне» атты өлеңінде соғыс пен қаһармандарымызды былай суреттейді:

«Ескі дүния,  жаңа дүния,  барлық адам баласы,

Құм секілді қайнауда,  топан секілді.

Жиһанның жеті жауы қарсы алдыңда,

Австралиямен бірге тұрсың, Канада!

Түрі басқа,  тілдері, терісі түрлі,

Қарапайым оқиға: Жабайылығы тең.

Ей, мына топырақ үшін топыраққа құлаған әскер!

Көктен ата-баба келіп сүйсе маңдайыңнан,  татиды.

Даңқтысың сен, қаның құтқаруда

Алланың бірлігін,  осыншама абыройлысың»

Соғыста ресми деректері табылмаса да, Османлы армиясының 250 мың шейіт бергені айтылады.  Бұл шейіттер көбіне лицейде, медреседе, университетте оқитын, білімді азаматтар болатын.  Осынша білімді адамның шейіт болуы кейін үлкен қиыншылықтарға жол ашты.

Османлы армиясының шейіттері сол күнгі Осман империясының шекарасындағы көптеген түрлі ұлттан болатын.  Бүгінгі Түркия шекарасындағы қалалармен бірге Балқан елдерінен,  Таяу Шығыс ұлттарынан, Кавказдан қатысып,  шейіт болғандар көп болды.  Сіздермен косоволық қария Ильяс атадан естігендерімді бөліскім келеді.  Оның ауылынан да Чанаккале соғысына көп әскер қатысады.  Бірақ соғыстан үш әскерден басқасы аман шықпайды.  Ауылдарына оралып келе жатып, ауыл тұрғындарына не айтатындарын ойлап,  қиналып келеді.  Себебі шейіт жолдастарының жолын күткен көзі жасты аналары,  сағынған әкелері, қалыңдықтары,  балалары бар еді. Ауылға бәрі бірге барса,  олардың үміттерін үзіп,  амалсыздық және қайғыға бірден батырғысы келмейді.  Сондықтан ауылға кезектесіп,  араға уақыт салып оралуды жоспарлайды. Бірінші ардагер әскер ауылға оралғанда, ауылдың барлық тұрғындары қалғандарын сұрайды.  Ол да «келеді,  келеді» деп жауап береді.  Артынан бір апта өткеннен кейін басқа бір әскер ауылға оралады.  Оны да сағынған,  үміттенген ауылдастары күтіп алады.  Олар да өз балаларын сұрайды. Екінші әскер де «келеді» деп жауап қайтарады. Соңғы ардагер әскер де ауылға келеді.  Осылайша олар ауыл тұрғындарын қайғы мен қасіретке жайымен дайындайды.

Чанаккале соғысы – империализмге қарсы жазықсыз ұлттардың Османлы армиясы қатарында соғысқан шайқасы.  Бір тойтарыс.  Технологияның барлық артықшылықтарына қарамастан өңіріміздің жазықсыз ұлттары иықтасып күресті.  Чанаккале және артынан Азаттық күресінде Үндістан мен Ауғанстан секілді Оңтүстік Азия мұсылмандары да көмектерін аямады.  Осы тұрғыдан Чанаккале дастаны адам баласы үшін – үміттің символы. Бүгінгі күні де жамандық ойлайтын елдер көптеген өңірде осындай басқыншылық жасау үшін талпынуда.  Чанаккале жазықсыз ұлттар бір қозғалып,  басқыншылық әрекеттеріне бірге тойтарыс берген жағдайда,  империалистердің мақсаттарына жете алмайтындарын көрсететін ең жақын,  ең қайғылы, ең нақты сабақтардың бірі. «Бөлшекте, бөл, басқар» деген саясатқа тек бірге қарсы тұрып,  жеңуге болатынын көрсетті.

Әртүрлі империалист шабуылға қарсы шығу әрине,  қымбат.  Сонымен бірге қалай тойтарыс берілетіні,  қалай жүзеге асырылатыны да маңызды.  Бүгінгі империалист шабуылдарға қарсы шыға отырып,  өкінішке орай жек көрушілік/ шеттету сөйлемінің артқанына куә болып отырмыз.  Адамдардың басқыншыларын жек көрмеулері қиын.  Міне,  осы тұрғыдан да Чанаккале соғысы және артынан болған оқиғалар біз үшін жол көрсетуші іспеттес.

Австралия, Жаңа Зеландия секілді елдер өз тарихында көп соғыс болмағандықтан, Чанаккале соғысын ұлт жарату тұрғысынан маңызды деп есептеді.  Ал біз ешкімді жат көрмейтін,  тарихында ешбір соғыстан,  жеңістен,  жеңілістен «жат, басқа» жаратпаған бір ұлтпыз.   Әлем бойынша ұлт болу үшін басқа біреулерге мұқтаж болмаған,  осы аяда жат болмай да ұлт болған сирек ұлттардың біріміз.  Бұл Чанаккале соғысында да көрінді. 250 мың шейітімізге,  соншама жоқтауға, қайғы-қасіретке қарамастан, Чанаккаледен де «жат, жау» жасай алмадық.  Осындай оқиғаларға деген көзқарасымызды, тарихымыз бен өркениетіміздің перспективасын Анзак әскерлері үшін Ататүрік айтқан мына сөздер өте тамаша түсіндіріп береді: «Алыс елдерден балаларын соғысқа жолдаған аналар! Көздеріңіздің жасын сүртіңіз.  Балаларыңыз біздің бауырымызда.  Тыныш ұйықтап жатыр.  Олар осы топырақта жан бергендіктен,  енді біздің перзенттеріміз болды».

Империалистік шабуылдарға қарсы жек көрушілікті арттыру, адамдарды шеттету бізді одан сайын тарылта түседі.  Алыстатады. Иә,  қиын екенін білеміз. Бірақ осындай шабуылдар алдында өркениетіміздің құндылықтарымен тойтарыс берсек,  адам баласы үшін үмітіміз арта түседі. Империалистік мақсаттағы шабуылдар қысқа мерзімде табысқа жетсе де, жау болмай, жек көрмей,  адамдарды бөле жармайтын ұстаным көрсетсек,  адамдық өлмейді. Зұлымдық мәңгі қалмайды.  Мүддесін ойлайтын,  түрлі отарлау,  басқыншылықты заңды деп білетін қозғалыстар ерте ме кеш пе жеңіледі.

 



Ұқсас жаңалықтар