Еуропа дағдарысынан шыға ала ма?

Жаһандық перспектива - 12

934477
Еуропа дағдарысынан шыға ала ма?

Еуропада артып отырған нәсілшілдік,  фашизм, нацизм,  Исламға дұшпандық,  өзгеше тұрмыс түрлеріне қауіппен қарау секілді «аурулар» мұсылман және босқындар арқылы   дау-дамайға айналса да,  Еуропаның өзі шығарған дағдарыс екенін бұдан бұрынғы анализдерімізде айтқан болатынбыз.           

                Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

Бұдан бұрын Еуропадағы процесті Түркияның 28 ақпан процесіне ұқсатқан едім.(http://www.star.com.tr/acik-gorus/avrupayi-28-subatindan-kim-cikaracak-haber-1168353/) Германия Ішкі істер министрлігінің деректеріне қарағанда,  2017 жылы тек бір жылда мұсылмандарға бағытталған, тіркеуге алынған 950 шабуыл жасалған. Бұл күніне үш шабуыл деген мағынаға келеді.

Еуропа осы дағдарыстан шыға ала ма?

Бұл үшін алдымен дағдарыстың себептеріне тоқталу керек.

Жаһандық белгісіздік: Америка Құрама Штаттары,  Ресей, Қытай, Түркия, Үндістан және Латын Америкадағы оқиғалар арқылы әлемде дүниежүзілік екінші соғыстан кейін құрылған жүйе шайқалуда.  Осы белгісіздік барлық елдерде белгілі мөлшерде келіспеушілік пен мазасыздық тудырады.  Дәстүрлі,  қалыптасқан одақтастықтар мен дұшпандықтар қайта қаралуда.  Осы мағынада елдер арасындағы қарым-қатынастар қайтадан пішінделуде.  Елдер арасында блок одақтастықтар мен қайшылықтар орнына тақырыбына қарай одақ немесе келіспеушіліктер алға шығуда.

Батыстың жаһандану процесінен жеткілікті түрде табысты бола алмауы: Еуропа мен Америка Құрама Штаттары жаһандану процестерінен жеткілікті түрде табысты бола алмады.  Қытай, Үндістан,  Бразилия,  Түркия секілді елдер осы процестерде табыстырақ болып келеді.  Сондықтан Америка Құрама Штаттары секілді кейбір елдер бұдан бұрын өздері чемпион болған еркін сауда,  кедендердің жойылуы секілді жаһандану саясаттарының керісіншесін қолдап отыр.  Жаһандану процестерінен жеткілікті түрде табысты бола алмағандықтан Еуропадағы экономикалық тоқырау  саяси, әлеуметтік,  экономикалық, психилогиялық тақырыптарға жағымсыз әсер етеді.

Батыстағы сөйлем мен практика жаһандануға қарсы бағыт алды.  Бұл жағдайды батыс елдері үшін түсінуге болады. Бірақ жаһанданудан табысты шығып отырған Түркия секілді елдерде де зиялылардың және саяси басшылардың жаһандануға қарсы сөздерін жалғастыруы жаңа шындықтарды байқады ма деген сұрақты туғызады.

Еуропаның тарихында плюрализмнің болмауы: Еуропадағы дағдарыстың маңызды себептерінің бірі жаһандану процестерімен бірге түрлі бірегейлік,  мәдениет және ұлттастықтардың жақын және көрінетін болуы. Өзгеше бірегейліктер алыс елдерде,  өз мемлекеттерінде болғанда,  оларға «кішіпейіл» қарауға болатын еді. Бірақ көршісі, жұмыстағы қызметтесі, жұмыс берушісі,  қызметкері өзге ұлттан болса,  жағдай өзгереді.  Себебі Еуропаның осындай жағдайды сіңіріп,  толерантты түрде қарайтын,  көп мәдениетті,  плюралист тарихы болмаған.  Еуропаның плюралист және өзге ұлттармен бірге өмір сүру тәжірибесі тек соңғы ғасырда болды. Бір ғасыр да тарихшылар үшін бір күнмен тең.

Алға қойған міндеттері жоқ лидерлер: Еуропадағы орталық оңшыл және солшыл партиялар артып отырған радикал ағымдарға қарсы салқынқандылық пен байсалдылықты алға шығарудың орнына дауыстан айрылып қалмау үшін одан сайын ұшқары сөздерді қабылдайды.  Бұл неонацист және неофашистік партиялардың беделінің артуына кедергі жасамағаны секілді,  сонымен бірге орталық оңшыл және солшыл партияларды да ұшқарылыққа жақындата түседі. Осы жағдайдың нәтижесі ретінде Еуропада саяси биліктер асыра оңшылдарға ауып барады.

Ассимиляцияға ұшырағандардың ықпалы: Елдерінде проблема болып,  Еуропаны паналаған,  қоғамда нақты орны болмаса да,  саяси жағынан басым болып келетін, ассимиляцияға ұшыраған азаматтар келген елдері мен өздері тұратын елдер арасындағы қарым-қатынастарды едәуір қиындата түседі.  Оларды Еуропаның өзі де айтақтап отырады.  Олар басқа жағынан өз тұғырларын заңды тұғырға айналдыру үшін ассимиляцияға ұшырамаған, қоғамға өз мәдениет және бірегейліктерімен үлес қосқысы келетін босқындарға қарсы арандатушы ұстаным ұстанады.  Елдеріндегі босқындар мен босқындар келген елдерді ассимиляцияға ұшыраған азаматтар арқылы түсінуге тырысу,  қабылдау Еуропаны кішіпейілдіктен аулақтатып, қорқытатын жағдайға келтіреді.

Ассимиляцияға ұшыраған заңды азаматтармен бірге батыс құшақ ашқан босқын ел тегінен террорлық ұйым істері де Еуропаның осы елдермен қарым-қатынасын бұзатын басқа бір фактор.

Еуропадағы дағдарыстың себептері жоғарыдағыдай қылып түсіндірілсе,  қысқа уақытта дағдарыс шешіледі деген үміт жоқ секілді.  Себебі жоғарыдағы себептер бір-екі күнде шешілетін себептер емес. Кейде осындай дағдарыстармен кез келгенде тәуекел еткен басшылар ғана,  риск алған лидерлер ғана елдерін аман алып шыға алады.  Өкінішке орай Еуропада болашақты көріп, сезіп, өз мойнына міндет алатын күште лидер саны аз және ықпалы да күн өткен сайын азаюда.

Осындай жағдайларда зиялылар да маңызды рол ойнайды.  Еуропаның осы дағдарысы мен дағдарыстан қалай шығатыны жөнінде Еуропадағы еркіндікті қолдайтын  плюралисттер жеткілікті түрде біле ме? Неміс фашизмі мен италян фашизмін көзі көрген қарт құрлықтың зиялыларының осы оқиғаларды байқамауы мүмкін емес.  Бірақ олардың ынталары дағдарысты тоқтататын немесе бағытын өзгерте алатын деңгейде емес. Сондықтан олардың даусы күн өткен сайын өшіп барады.  Нәсілшіл партиялардың даусы болса артып отыр.  Еркіндік алаңы бара-бара тарылуда.  Осы алаңдар әзірге босқындар мен мұсылмандар үшін тарылғандықтан,  қазір байқалмайды.  Оған ешкім көңіл бөліп отырған жоқ.

Мен өзім Еуропаның осы дағдарысынан қысқа уақытта шығатынына үмітім жоқ. Алдымен сол елдердегі өзге ұлттарды,  артынан Еуропаның өзін нашар күндер күтіп тұр деп ойлаймын. Мен өзімнің қателесуімді тілеймін.  Еуропа бұл жолы жаһан соғысынсыз қатесін түсінер деген үміттемін.  Түнерген болашақ, тарылған еркіндік алаңдарының өзін қайда итермелейтінін тез арада байқауын тілеймін. Сонда да біз өзіміздің міндетімізді атқарайық. Еуропаға мақалаларымыз арқылы ескерту жасап,  дағдарыстан шығудың жолын көрсетіп, шешім жолдарын ұсынуды жалғастырайық.



Ұқсас жаңалықтар