Америкадағы мектептердегі лаңкестіктер

Жаһандық перспектива - 13

939467
Америкадағы мектептердегі лаңкестіктер

                Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

Қазіргі уақытта Америка қалаларында басталып,  көптеген қалаға тараған шеру, бір қозғалыс жақында бүкіл әлемге тарайтын секілді.  «Өміріміз үшін жүр». (MarchForOurLive). Америкадағы мектептерде лаңкестіктерге наразылық ретінде сенбі күні басталған Вашингтондағы митингке 500 мың адам қатысты.  Олардың көбі жастар. Бір оқушының қолындағы «Мен мектепке жейтін тәттімді де әкеле алмаймын. Қаруға жол жоқ» деген жазу қатты әсер етті.

Мектептегі адам өлтірушіліктер

Америка Құрама Штаттарында мектептердегі лаңкестіктер күн өткен сайын артып барады.  Балалар,  отбасылар,  байсалды азаматтар әрине,  осындай адам өлтірушіліктерге наразылық білдіруде және шара қолданылуы үшін шерулер ұйымдастыруда.  Соңғы рет Флоридада 2018 жылдың ақпан айында мектеп шабуылында 17 адам өлтірілген еді.  Олардың ішінде оқушылар мен мұғалімдер бар.  2012 жылы Коннектикуттағы шабуылда 26,  Вирджиниядағы шабуылда болса 32 оқушы өлтірілген болатын.

Америкада жыл сайын мыңдаған бала қарулы шабуылдарда өлтіріліп,  күніне 5-19 арасы өлім мәліметін интернеттен көруге болады. Осы деректерде Америка Құрама Штаттарындағы мектеп шабуылдарының әлемнің басқа жеріндегі шабуылдардан екі есе көп екені де айтылған.

Адам өлтіру

Америка Құрама Штаттарындағы мектеп лаңкестіктері негізінде ел көлемінде кең тараған қарулы шабуылдардың шағын бір бөлігі.  Қарулы шабуылдарды төртке бөлуге болады: қарулы шабуыл және қақтығыстар,  қарумен болған кездейсоқ оқиғалар,  өз өзіне қол жұмсау,  топтық шабуылдар. Тап қазір Америка Құрама Штаттарында күн сайын 92 адам қарулы шабуылда ажал құшады. 1970 жылдан бері 1,5 миллион адам қарулы шабуыл нәтижесінде опат болған. Бұл Американың соғыстарда алған шығынынан да көп.  2017 жылы Невадада 58 адам,  2016 жылы Флоридада 49 адам өлтірілді.

Жаппай адам өлтірушіліктерді Америка қоғамындағы қаруды көп қолдану фактымен түсіндіруге болады.  Американдықтар әлем халқының 4,4 пайызын құрайды, бірақ әлемдегі жеке қарулардың 42 пайызы олардың қолында. Әлемдегі жаппай шабуылдардың 31 пайызы Америка Құрама Штаттарында болады.  Америкадан кейін адам басына ең көп қару келетін ел – Йемен.

Жалпы қылмыс көрсеткіші

Америка Құрама Штаттарында жалпы қылмыс көрсеткіштері де әлемдік деректерге қарағанда,  едәуір жоғары.  Федерал тергеу кеңсесі FBI деректеріне қарағанда,  Америка Құрама Штаттарында 2016 жылы 1 миллион 195 мың 704 қылмыс жасалды.  15 мың 696 адам өлтірілді. Осы адам өлтірушіліктердің 71,5 пайызы қарумен жасалған. 2016 жылы полицияның қолынан қаза тапқан адам саны -1152. Әлемде әйел зорлау қылмысы көп кездесетін ел де Америка Құрама Штаттары.  Елде соңғы бір жылда 90 мың 185 қиянат қылмысы болғаны білдірілуде.  Зорланғандардың 62 пайызы 18 жастан кіші. Олардың 29 пайызы болса 11 жастан кіші.

Еркіндіктерге қарсы адам өлтіру ме?

Медиа көп деп есептемесе де,  қылмыс көрсеткіштері шыныменен қорқынышты.  Бірақ біз тақырыбымыз – мектептердегі адам өлтірушіліктерге қайта оралайық. Мектеп және жалпы адам өлтірушіліктер тұрғысынан Америкадағы таластарға қарағанда,  таластар жалпы қару тасудың атазаңда орын алған еркіндігі аясында жүргізілуде.  Қару тасу еркіндігінің Америка атазаңы американдықтарға берген негізгі құқықтардың бірі екені айтылуда.

Америка – ұшы-қиыры жоқ территория.  Тарихы да әрі үндістермен, әрі өз ішіндегі қақтығыстарға толы.  Сондықтан осындай елде қару алып жүру еркіндігі белгілі мөлшерде орынды деп есептеледі.  Сонымен бірге таластың тек атазаңдық еркіндіктер бағытында пішінделуі Америка қоғамы тысында өмір сүретіндер үшін түсініксіз болуы мүмкін. Жыл сайын мыңдаған адам өлтірілген бір елде таласты тек атазаңдық еркіндіктер тұрғысынан қолға алу  - қандай орынсыз нәрсе. Сонымен бірге Америка Құрама Штаттарында президент Трамптың ұсынысы секілді қызық ұсыныстар да кездесіп тұрады:  Мұғалімдерге қару беру. Мысалы Флоридада осындай ұсыныс штат парламентінде қабылданды.  Мектептерде жыл сайын мыңдаған оқушы өлтірілген,  барша азаматтары қарулы бір елде мұғалімдерге де қару беру проблеманы қалай шешеді? Оқушылардың бір-біріне және мектептерге шабуылының алдын алу үшін мұғалімдерге сапалы қару беріле ме? Бұл жағдайда оқушылар одан да жақсы жетілген қару алса,  мұғалімдерге ядролық қару беріле ме? АҚШ халықаралық аренада кейбір елдерге жүргізген қарулану жарысын ел ішінде оқушылар мен мұғалімдерге жоспарлап отыр ма? Түсініксіз.

Не істеу керек?

Испаниялық жазушы Ортега Гассет айтқандай,  материалдық өркениет – бір проблема.  Даму артқан сайын қаупі де арта түседі.  Мектеп және жалпы адам өлтірушіліктер таласын еркіндіктер және/немесе қаруға тыйым салу бағытынан шығару керек.  Проблеманың бұлардан басқа да факторлары жеткілікті.  Кейбір адам өлтірушілік оқиғаларында жендеттер не істейтіндерін,  қалай жасайтындарын әлеуметтік желіден жария қылады. Осы аяда түрлі анализдер жасау керек. Американдық жазушы Адам Ланкфордтың мәлімдемесі осы аяда маңызды.  Ланкфорд жаппай адам өлтіруді Америка қару мәдениеті және оқушыларға қалаған нәрсесіне ие болу әдетімен байланыстырады.  Әсіресе жақсы отбасы көрмеген,  иесі жоқ,  бостықтағы жастар жаһандық өркениетте өздерін дәлелдеу үшін әртүрлі қылмысқа дейін барады.

Көптеген елдің терроризмнен немесе басқа бір елмен соғысынан да көп адамның өлімімен аяқталатын Америка Құрама Штаттарындағы жаппай адам өлтірушіліктерді тек қарусыздану немесе атазаңдық еркіндіктер бағытында талқылауға болмайды.  Америка Құрама Штаттарындағы жаппай адам өлтірушіліктерді түсіндіру үшін социал,  психологиялық,  педогогикалық,  патологиялық,  мәдени,  өркениет перспективаларын да талдау қажет. Осы анализдерге материалдық молшылыққа қол жеткізген бір қоғамға тежеу болатын рухани мұқтаждықтарды да қосу керек.  Халықаралық аренада бара-бара шабуылдаушы болған бір елдің азаматтарының елі ішінде одан да аз заңдылыққа мұқтаж болуы да шындыққа жатады. Талқылануы керек басқа бір фактор Америка қоғамының әлемнің басқа елдерімен салыстырылмайтындай түрде неге көп қаруланатыны? Бұл жағдай терең қауіпсіздік дағдарысының әсері ме?

Америкадағы шерулер мен митингтерден бір нәтиже шығады деп үміттінемін. Себебі өмір сүру құқығы барлық нәрседен қымбат.



Ұқсас жаңалықтар