Кімге немесе неге "ұстамды Ислам"?

Проф. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

982271
Кімге немесе неге "ұстамды Ислам"?

Кейбір орталықтар,  кейбір елдердің барлау қызметтері кей-кейде шындықтарды теріске айналдыру үшін жасанды таластармен күн тәртібін өзгертуге тырысады. Ал тарих «күнді балшықпен ластауға» болмайтынын және шын күн тәртібінің күні келгенде ортаға шығатынын көрсетеді.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

   --

Осы жағдайға нақты мысал келтіру керек болса, ол – «ұстамды Ислам» таластары. Батыстағы жақын уақыттағы оқиғалар батыс әлемі және адам баласы үшін қорқынышты рисктер алып келу мүмкіндігі бар кезде күн тәртібіне әрдайым «ұстамды Ислам» таластары енгізіледі.  Батыс әлемі Дүниежүзілік екінші соғыстан бұрын өзі және адам баласы үшін қалыптастырған қауіпті көрмей,  әрдайым еврейлейді талқыға салды.  Сол секілді қазір де келе жатқан түнекті,  неонацизмді,  неофашизмді елемей,  «ұстамды Исламды» талқыға салуда. Франциядан 300 кісі негізінде батыстың «ауруы» болып табылатын күш қолдану мен еврейлерге дұшпандықты арандатады деген сылтаумен Құран Кәрімнен кейбір аяттардың алынып тасталуы үшін мәлімдеме жариялады.  Бірақ сол зиялы қауым АҚШ-тың елшілік ғимаратын Иерусалимге көшіруіне наразылық білдірген палестиналық халықтың үстіне оқ жаудыруына үнсіз қалды. Израиль палестиналық бейбіт халықты құқық,  халықаралық қоғам және адамдық ұждан деген құндылықтарды елеместен қырды. Ондаған адам қаза тапты. Мыңдаған адам жарақат алды. Ал жаңағы 300 француз зиялысы бұған аузын ашпады. Бұдан асқан күш қолдану, бұдан асқан нәсілшілдік,  Ислам және адам баласына дұшпандық бола ма?

Ұстамды Ислам деген кезде дін атынан терроризм жасаған,  ешбір гуманитарлық, моральдық,  Ислами шек танымастан әртүрлі лаңкестік жасаған ұйымдармен күресу айтылатын болса,  осындай күреске ешкім қарсы шықпайды.  Бірақ бұл мұқтаждықты ұстамды Ислам деп емес, терроризммен күрес деп атау керек. Терроризмнің мақсаты не болса болсын, ол- терроризм. Ұғымды терминге айналдырған кезде жақсылап ойлану керек. Мысалы соңғы кезде артып отырған христиандықтан туындаған террористтік әрекеттер «ұстамды христиандық» деп талас болып жатқан жоқ. Сол секілді Израильдің БҰҰ қарарларына қарсы ондаған жылдан бері палестиналықтарға жасап келген зұлымдығы «ұстамды еврейлік» қажеттілігі аясында қолға алынбайды.

Іс жүзінде алып қарасақ,  «ұстамды Ислам» сөзінің терроризмге қарсы шығу деген сөз еместігі нақты көрінеді.  Егер мақсат терроризмді жеңу болса, терроризмге қарсы ортақ ұстаным айқындау қиын болмаса керек.

Іс жүзінде болып жатқандарға,  қай елдің немесе қай барлау қызметінің қандай ұстанымда екеніне,  кімдерге көмек беріп отырғандарына қарағанда,  ұстамды Ислам сөзі империалистік мүддені жасырудың, жазықсыз елдердің жер бетіндегі және жер астындағы байлықтарын ұрлаудың,  басқыншылықтың,  өлім, зұлымдықтың, елден жер аударылуды жасырудың бір құралы ретінде қолданылуда. Империалистік елдер өз мүдделері үшін Таяу Шығыста қалағанын істеуде, ол осы жағрапияның азаматтары мен идеологиялары қылмысты деп көрсетілуде.

Жағрапияның тұрғындарының өздерін отарлауға неге рұқсат бергендерін,  өздерінен туындаған проблемаларды әрине,  талқыға салу керек.  Бірақ оларға ойналған жаһандық империалистік тұзақтарды да әшкерелеу қажет.

FETÖ, ДАИШ, PKK, PYD секілді террорлық ұйымдардың қатынастарының желісіне,  қолдарындағы қаруларға қарағанда осы ұйымдардың кейбір батыстық барлау қызметтерімен етене жақын екенін көруге болады.

Батыстың кейбір елдері мұсылман елдердегі үстемшіл әкімшіліктермен ынтымақтасуда.  Бұған батыстың азаматтарының өздері де қарсы.  Батыстың көптеген елі Таяу Шығыстағы ешбір демократиялық дамуды қолдамайды.  Тек Израильді ғана қолдайды. Өз азаматтарын қырған Мысыр билігімен ешбір проблемасы жоқ. Өз халықтарына қарсы биліктерін қысыммен жүргізіп отырған кейбір монархиялармен де қатынастары едәуір жақсы. Осы шеңберде бір елге «әйелдер бұдан былай көлік жүргізе алады» деп мақтау жаудырса,  бірінші рет сайлауын 1876 жылы өткізген,  демократиясы көптеген батыс елінен байырғы, әйелдерінің сайлану құқығын көптеген батыс елінен бұрын 1934 жылы берген Түркияға ауыр сын бағыттап отыр.

Батыстың кейбір елдерінің Таяу Шығыс саясатына қарағанда, Таяу Шығыста халқы, тарихы, жағрапиясымен тату,  көптеген жылдар бойы өркениет тәжірибесіне ие аймақ емес, тамыры жоқ,  мәзхаб ұстанатын, халқымен арпалысатын аймақ болсын деген ойдың басым екені байқалады. Бәлкім сол себептен шығар,  Мысыр және кейбір монархияларда болғаны секілді халқын елемейтін биліктер мақтау алып,  Түркия мен Ердоған секілді халқымен тату,  демократиялық жүйе және тұлғаларды «шайтан» деп атауға талпынады.

Кейбір батыс елдері мен орталықтарының іс жүзіндегі осындай ұстанымдарын көрген соң,  ұстамды Ислам дегеннен күтетіндерінің халқына залым, бірақ өздеріне байсалды қарайтын түсінік болса керек деп ойлайсың. Елінде және аймағында батыстық әскери әрекеттерге үнсіз,  империалистік мақсаттарды елемейтін биліктер «ұстамды»,  бұған қарсы тойтарыс берген адамдар мен биліктер «диктатор»! Қысқаша айтқанда батыстағы кейбір орталықтар үшін ұстамды,  өз елінің халқы/мұсылмандар үшін залым және опасыз.

Халықаралық орталықтардың кейбірі Таяу Шығыста тамыры жоқ,  халқы заңсыз деп есептейтін биліктерді, жаңадан шыққан террорлық ұйымдарды қолдауды өздері үшін пайдалы, тиімді деп есептеуі мүмкін.  Ал ұзын мерзімде батыстағы еркіндікшіл және плюралисттер үшін де, Таяу Шығыс халқы үшін де, адам баласы үшін дұрысы және пайдалысы - тамыры тереңге жайылған, демократиялық,  плюралист биліктер мен әкімшіліктерге қолдау беру. Мәдени өркениеті жоқ, тамыры жоқ,  жаңадан құрылған, көбіне батыс тарапынан қолдау көрген террористтік әрекеттер арқылы өркениетті елдер мен қозғалыстарды жою адам баласы үшін тиімді емес. Осы көзқараспен қарайтын болсақ,  бүгінгі таңда Балқанда және Таяу Шығыста қақтығысқан тараптарға көптеген ғасырлар бойы тату-тәтті өмір сүру қабілетін көрсеткен, тәжірибелі Түркияның атқарат ісі, үлесі мол-ақ.



Ұқсас жаңалықтар