Әлемнің бейшаралары - босқындар

Жаһандық перспектива - 25

996465
Әлемнің бейшаралары - босқындар

20 маусым - Бүкіләлемдік босқындар күні. Адам баласы ретінде ғаламшарда бірге өмір сүрге отырып,  проблемалары еленбейтін, байқасақ та әсіресе тек әңгіме қылып қана қоятын ғаламшардың бейшараларына, босқындарына аталған бір күн.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

**

Қазіргі таңда әлемде 65-70 миллион босқынның бар екені алға тартылады. Осы адам санына қарағанда, босқындар әлемнің 20-шы үлкен мемлекетін құрайды. Осында елді-мекендерін тастап кеткен 400 миллион адам жайлы сөз қозғап отырмыз.

Сандардың көптігі ортада. Сандардың өзі ар-ұжданы барлар үшін сезбеушілігімізді ортаға қоятындай ауыр, қайғылы және анық. Осымен бірге көбінесе сандардың суық шындығы бастан кешкен қайғыларды, көз жастарын, өлімдерді, зұлматты, сүргіндерді көлеңкеде қалдыруда. Босқын нәрестенің, бала, әйел және қариялардың әр қайсысы бастан кешкен оқиғалар өз алдына бір трагедия. Он миллиондармен аталған сандар арасында көбінесе ескерілмей де қалады. Әйтсе де көштердің, айырылулардың әрқайсысы бәлкім мыңдаған жыл сол жерлерде өмір сүргендер үшін бір қоныс аудару, бір ыдырау, бір қажу, бір айқай болып табылады. Кім өз-өзіне бүкіл ата-бабалары өмір кешкен жағрапияны, ата-анасы мен өзі өмір сүрген жерді тастап кете алады екен? Кім ондаған ғасырлық тарихын тастап, сенімсіздік пен белгісіздікке толы жаңа аймақтарға бет алады дейсіз? Әрбір көш өмір сүрген жағрапиядағы тарих пен болашақ үміттер жойылған, ең қиын және соңғы шешім болып табылады.

Әлемнің ең көп босқыны бар елдері ретінде Сирия, Ауғанстан, Оңтүстік Судан және Сомали аталады. Одан да өкініштісі - 2010 жылы әлемнің ең көп босқынын қабылдаған мемлекеттердің бірі ретінде Сирияның қазір ең көп босқыны бар елге айналуы. Өмір сүрген елдерін де ешқандай босқынға айналмайтынын ойлағандар мен жалғыз проблемалары босқындардың өз елдеріне келуіне кедергі жасаушылар үшін қандай ғибраттық жағдай. Көргісі келгендер үшін әлем тарихы осындай ғибраттық оқиғаларға толы. Әлем тарихында босқынға айналмаған, қоныс аударуға мәжбүр болмаған қоғам жоқ шығар.

Ең көп көшпенге айналған елдер - әсіресе батыстың операцияларына душар болғандар. Жаһандық стратегиялардың қақтығыс майданына айналғандар. Жаһандық күштер қақтығысқан кезде езілгендер өкінішке орай босқынға айналады.

Күдіксіз, босқын мәселесінің жалғыз себебі - қақтығысқан жаһандық стратегиялар емес. Елдердің ішкі мәселелері, нашар биліктер, саяси проблемалар, экономикалық шындықтар, ашаршылық, қуаңшылық сияқты көптеген себепті көрсетуге болады. Жаһандық ысыну ықпал еткен климат босқыншылығы да себептердің бірі.

 

Үлкен көш толқындарына шешім ізденісі үлкен талпыныстарды қажетті қылады. Дегенмен кейде кішкентай пидақорлықтардың өзі шешім үшін жеткілікті. Африка құрлығының бір ауылында онша үлкен шығынды қажет етпесе де ашылған бір су құдығы арқылы ауылдың тұтас көшуінің алды алуға болады. Осы тәрізді талпыныстар бәлкім барлық мәселені шешпеуі мүмкін. Алайда мақсатыңызды ашық түрде ортаға қояды. Ибрахим пайғамбарды күйдірген отты өшіру мақсатты су тамшысын апарған құмырсқа сияқты. Кейде бұл шағын көмектер біз үшін болмаса да, пайдаланушылардың өмірін сақтап қалатындай маңызды екенін естен шығармау керек. Жағалауға үйілген мыңдаған теңіз жұлдызының бір бөлігін мүмкіндігінше теңізге лақтырған адамның қайтарған жауабы сияқты: «Иә, барлығын құтқара алмайтын осы әрекетім сіз үшін мағынасыз шығар. Бірақ теңізге қарай лақтырған әрбір теңіз жұлдызы менің осы әрекетімнің арқасында қайта жанданады».

Адамды жақсы қылатын - мәртебе немесе байлығы емес, басқа адамдарға жан ашуы. Босқындардың қайғысына үнсіз қарап, өкінішпен ештеңе жасамай, үмітсіз сараптамаларға қанағаттанып отырамыз ба? Осы қайғыларға жол ашқан елдердің мойнына жауапкершілік жүктемейміз бе?

Әрине олай емес! Өмір сүрген жерлерде ешқандай үміт қалдырмай, адамдардың тарихы мен болашағын қолынан тартып алған нашар биліктерді күдіксіз бар күшімізбен сынға алуға тиістіміз. Адамдар немесе елдердің бейшаралығын түнектей жапқан, адамгершілікке жатпаған опасыздықпен қайғылардың үстіне жаһандық стратегиялар тұрғызатын отаршыл мақсаттарды да әрине әшкерелеу керек.

Осыларға қоса халықаралық саясатты мүдделерге индексті емес, қағидаларға индексті және құндылық негізді жүргізген елдерді де әрине әрқашан мақтауымыз керек. Сириялық босқындар тақырыбында әлемнің бай мемлекеттеріне қарамастан, Түркия, Ливан және Иордания көтерген жүк бүкіл әлемнен бірнеше есе көп. Түркияның Килис қаласы қонақжайлық жасап отырған босқын санын назарға алғанда көптеген батыс елінің санынан асып түседі. Дағдарыс басталған күннен бері Түркияда дүниеге келген 300 мыңнан астам нәресте бар екені алға тартылуда. Оған қоса бұл мемлекеттердің ешқайсысының Сириядағы дағдарыстың басталуына қатысы жоқ.

 Жаһандық актерлер болса Сирия дағдарысында мәселенің негізгі жауаптылары арасында. Сирияға қызығушылықтары көбінесе өз мүдделері бағытында одан көп әскери шығын жұмсау, қару саудасы және шешімсіз мәселелерге жол ашу болып көрініс табады.

Халықаралық қоғам зияндарды өтеу үшін бұл жаһандық актерлерді шығындар тақырыбында мәжбүрлеуі керек. Гуманитарлық, ақылақтық, ұждандық, жаһандық, діни, идеологиялық… Әйтеуір не үшін жасалса да, әртүрлі қағидалық ұстаным мұны қажетті қылады.

Шешім үшін одан көп саналы болу керек. Бұл да мәселенің үзігі ретінде жаһандық актерлерге емес, азаматтық қоғамдарға жауапкершілік жүктейді. Босқындардың езілгендігінің маңызды себептерінің бірі жаһандық стратегиялар болса, шешім ізденісіндегі азаматтық қоғам ұйымдары жергілікті немесе аймақтық болудан ары бармайды. Жаһандық саналылық үшін азаматтық қоғам ұйымдары одан көп ынтымақтастық мақсат ету керек, рапорттармен, сараптамалармен халықаралық қоғаммен одан көп ақпарат бөлісуге тиісті. Негізінде бұл жауапкершілік азаматтық қоғам ұйымдардың ғана емес, баршамыздың міндеті. Ұмытпаңыз, шешіміне үлес қоспаған әртүрлі гуманитарлық мәселе /трагедия бізді тек қана қағидасыз/абыройсыз қылмайды. Шешімсіз қалған әр трагедия адамзатты одан көп бедел төлеуге итермелейді!



Ұқсас жаңалықтар