2018 жылғы сайлау: Тұрақтылық пен президенттік жүйе жалғасады

Жаһандық перспектива - 26

1000533
2018 жылғы сайлау: Тұрақтылық пен президенттік жүйе жалғасады

Түркияның президенттік және 27-ші депутаттық сайлауы артта қалды. Жылдам жарияланған қорытындыға қарағанда, 52.5% дауыс жинаған Әділет және даму партиясы төрағасы, президент Режеп Тайып Ердоған екінші тур сайлауға қалмастан жаңа президенттік жүйенің тұңғыш президенті атанды. 30.6% дауыспен Республикашыл халық партиясы үміткері Мухаррем Индже екінші болды. Әділет және даму партиясы 2002 жылдан кейін алғаш рет Мәжілісте көпшілік орынға ие бола алмады.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

**

Ашық, сенімді және бәсекелес бір ортада толығымен демократия мерекесі сияқты өткен Түркияның тұңғыш президенттік жүйе сайлауымен байланысты алғашқы көзқарастарды төмендегідей мазмұндауға болады:

Рекорд қатысушы саны: Шамамен 60 миллион сайлаушының 87,5% пайызы сайлауға қатысты. Бұл көрсеткіштерді ашық, таза және бәсекелесші рухпен сайлау өткізген Түркия және әсіресе әлем мемлекеттері тұрғысынан рекорд қатысушы саны ретінде бағалауға болады. Осыншама жоғары қатысушы мөлшері Түркияның 1876 жылы басталған демократия кезеңінің мықты түрде тұрақтанғанын көрсетеді. Әлеуметтік медиада да атап көрсетілгендей «Батыс елдерінде сандық бар, жеткілікті мөлшерде сайлаушы жоқ кезде» Түркияда сандықтың да, сайлаушының да болуы демократиямыздың болашағы тұрғысынан үміт арттырады.

Саяси тұрақтылықжалғасады: Әділет және даму партиясы 2002 жылдан бері сайлауда 5-ші рет бірінен соң бірі жеңіске жетті. Түрік саяси өмірінде осындай бір табыстың бұрын соңды үлгісі жоқ. Демократиялық бәсекелестік бар елдерде бірінен соң бірі 5 рет сайлауда жеңіске жету жиі кездесетін жағдай емес. Билікте болудың қиыншылығы да назарға алынғанда, Әділет және даму партиясының сайлауда қайтадан жеңіске жетуі жалпы ризашылық пен саяси тұрақтылықтың жалғасуына деген қолдауының көрсеткіші болып табылады. Оппозиция алға тартқан сындар және қорқулар мен халықшыл сөйлемдер сайлауда орын таппады.

Президенттік жүйе тағы бір рет қабылданды: Оппозиция партиялары және біріккен шаңырақтары Ұлттық одақ (коалиция) сайлау алдында парламенттік жүйеге қайта оралатындарын ашық түрде уәде еткен болатын. Сондықтан бұл сайлауды 2017 жылы қабылданған президенттік жүйені қайта дауысқа салу деп бағалауға болады. Алдынғы референдумда президенттік жүйе 51.4%-бен қабылданған еді. Президент Режеп Тайып Ердоғанның сайлау көрсеткіші одан да артып, 52.5%-дық дауысты сайлаушының президенттік жүйені «тағы бір рет қабылдағаны» деп пайымдауға болады.

Партиялар арасында дауыстардың орын алмастыруы: Сайлау қорытындысы дауыстардың барлық партиялар арасында белгілі мөлшерде жылжығанын көрсетеді. Әділет және даму партиясынан Ұлтшыл қозғалыс партиясына, Республикашыл халық партиясынан Жақсы партияға және Халықтардың демократиялық партиясына дауыстардың орын алмастыруы назар аударады. Президент Ердоған әдетке айналған балкон үндеуінде Әділет және даму партиясындағы азаюды байқағандарын және қажетті шараларды қабылдайтындарын әзірден-ақ жариялады. Ердоған мен Индженің партиялардан да көп дауыс жинауы бұл басшылардың да басқа партиялардан дауыс алғандарын көрсетеді. Бұл орайда Ердоғанның күрд сайлаушылардан да белгілі мөлшерде дауыс жинағанын айтқан жөн.

Сайлаушының партиялық таңдауларды өзгерте алатынын көрсетуі - демократия тұрғысынан өте тиімді жағдай. Партиялар арасы жылжулар саяси партияларды сайлаушы таңдауларын одан көп назарға алуға итермелейді.

Мәжілісте жоғары өкілдік мөлшері: 10% Мәжіліске кіру шарты жүйесі себепті Түркиядағы сайлаушының біразының көзқарастары Мәжілісте көрініс таппайды. Соңғы сайлауда заңдастырылған одақ (коалиция) жүйесі арқылы Түркия тарихында бұрын соңды болмағандай, 8 партия Мәжіліске не өздерінің үміткерлерімен, не болмаса құрған одақтардың ықпалымен кірді. Бұл партиялар Әділет және даму партиясы, Республикашыл халық партиясы, Ұлтшыл қозғалыс партиясы, Халықтардың демократия партиясы, Жақсы партия, Ұлы бірлік партиясы, Саадет партиясы және Демократ партия. 1950 жылдан кейінгі көп партиялы саяси өміріміздің тек қана 1969 жылғы сайлауында 8 партия мәжіліске кірген болатын.

Жаңа жүйенің келісімшіл ықпалы: Өткен аптадағы мақаламда Түркияның жаңа жүйенің келісімшіл ықпалына, яғни тек өзінің сайлаушысымен амандасатын бір жүйені артта қалдырғанына назар аударған болатынмын. Сайлау кезеңі және артынан болған жаңалықтарда сайлану үшін 50+1%-дың ықпалын көруге болады. Президенттің 50+1%-бен сайлануы, Түркияны одан көп реттелуіне, саяси партияларды, тек қана өз сайлаушысын емес, әртүрлі қоғамдық ортаны да одан көп назарға алуға итермелейді. Осылайша ел одан көп демократияланып, еркіндіктер артады. Бұл жағдай болса ішкі бейбітшілікке көп үлес қосады.

Жаһандық актерлердің менменшіл/ әмірші ұстанымына бейжайсыздық:Алдынғы сайлауда болғандай, батыстық кейбір мемлекеттер, жаһандық фирмалар, медиа органдары Түркия сайлауына орынсыз түрде көп  араласты. Әділет және даму партиясына қарсы қорқытушы, айыптаушы тілмен сөйледі. Алдынғы сайлауда болғандай, сайлаушы тағы бір рет жаһандық актерлер күткен таңдауды қолданбады. Ұқсас жағдайды шетелде қолданылған дауыстарда да байқаймыз. Кейбір батыстық елдер саяси құқықты шектеуші сөйлемдер мен жиналу еркіндігін «жоқ» деп санады. Елдеріндегі түріктерді ашық түрде қорқытқан ұстанымдарға қарамастан шетелдегі сайлаушылар болса тағы рекорд мөлшерде дауыс қолданды. Таңдауын бұл елдер қалағандай емес, өздерінің қалауы бойынша көбінесе Әділет және даму партиясына беру арқылы көрсетті. Сайлаушының жаһандық қысымдармен емес, өз таңдауымен дауыстарын қолдануы тиісті елдер арасында ұлттардың таңдауларын құрметтейтін жаһандық актерлер үшін де, әлем бейбітшілігі үшін де күдіксіз аса  маңызды.

Түркия 2000 жылдардан кейін ұлттық табысын 2000 доллардан 10000 долларға жеткізді. Еркіндік пен демократия тұғырын көтерді. Сирия, Ирак, Иран, Грекия, Ливия, Израиль, Украина, Грузия сияқты көршісі болып қабылданатын елдердегі болымсыз жаңалықтарға қарамастан, бейбітшілік, тыныштық және үміт аралы болып қалды. Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ) және басқа төңкеріс әрекеттерінің алдын алды. 2016 жылы болып өткен референдум және осы аптадағы сайлаумен 150 жылдық демократия тарихы терең бір өзгеріс жасап, президенттік жүйеге өтті. Түркия негізінде осыларды демократиялық саяси жүйе арқылы жүзеге асырды. Еркін, ашық және бәсекеге сай сайлаумен, мықты  саяси және қоғамдық заңдылықты ұлтынан алған бір саяси билікке ие болмағанда, осы демократиялық өзгерістің барлығын жүзеге асыру мүмкін емес сияқты. Түркия қол жеткізген осы жетістіктермен тек қана мемлекетінің емес, аймағы және батыс елдерінің де аса маңызды жүгін көтереді. Батыс елдер үш босқын үшін алаңдап жатса, Түркия 3.5 миллион босқынға қонақжайлық жасауда. Түркиядағы демократия мен тұрақтылықтың құнын барша жақсы біледі.



Ұқсас жаңалықтар