Жер жүзін басып алу әрекеті - FETÖ

Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

1014615
Жер жүзін басып алу әрекеті - FETÖ

Бұдан бұрынғы мақаламызда 15 шілде күні болған оқиғаларға, FETÖ-нің не екеніне,  қоғамнан және Исламның жалпы құндылықтарынан алыстап, ұйым мүшелерінің қалай дайындалғанына тоқталған болатынбыз. Қиын және ұзын оқу-дайындық процесінен кейін ұйым мүшелерінің мақсатқа жету үшін барлық нәрсені жасайтын жағдайға келгенін айттық.

             Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.      

FETÖ-нің ұйымдасу әдісі

Жасырын және «қасиетті» бір сеніммен қайта пішіндеген соң ұйым мүшелерін басқа елдерге де жолдады.  Осы елдердегі құрылымдары Түркиядағы алғашқы жылдар секілді.  Алдымен мектеп ашып,  үкіметтік емес ұйымдар құрып,  өте қарапайым азаматтық және еркін ұйымдар секілді көрініп, ұжымдасты. Осы үрдісте екі нәрсе мақсат етіледі.  Сол елде өздеріне жаңа мүше дайындау,  өздері дайындаған азаматтарды сол елдің ең стратегиялық мекеме мен органдарына жұмысқа орналастыру. Осылайша сол елдің басқару органдарын жасырын түрде қолға түсіру.  Бірақ назар салып, мұқият қарағандар FETÖ мектептерін бітіріп шыққандардың барлық елдерде барлау қызметтері,  әскери және полиция мекемелері,  премьер-министрлік,  президенттік аппарат,  Орталық банк секілді стратегиялық орындарға дендеп енгенін байқайды.  FETÖ әдістерін білмейтіндер ұйым мүшелерінің осы мекемелерге либерал,  социалст, христиан, зайырлы секілді түрлі көріністе енгендіктен осы жағдайды түсінбейді. Көбіне байқаған кезде, барлығы болып, іс тынған болады.

FETÖ  тек Түркияға үшін ғана қауіпті ме?

Әрі лидерлерін «ғалам имамы» ретінде атағандықтан,  әрі әлемнің барлық елдерінде ұйымдасқандықтан Фетуллахшы террор ұйымының тек Түркияны нысанаға алған бір ұйым еместігі анық.  Ұйымның 170-тен астам елде жасырын ұйымдары бар.  Толығымен қанша елде ұжымдасқанын айту мүмкін емес. Себебі олар ашық емес, жасырын есімдермен ұжымдасады.  Осы елдер көбіне мұсылман елдер де емес. Түркия осы ұйымның жасырын мақсатын білгендіктен және қажетті шараларды қолданғандықтан ұйым енді өзінің шын бейнесін білмейтін елдер үшін үлкен қауіп. Кейбір елдерде аталмыш ұйым азаматтық және ерікті үкіметтік емес қоғам ретінде ұжымдасуын, бұрмаланған нанымдармен жаңа мүше табуды,  мектептеп ашуды жалғастыруда. Өте қайғылы,  құны ауыр төленген Түркия тәжірибесі баршаға анық сабақ болады.

FETÖ қаупі бітті ме?

Бүгінгі күнді бірнеше жыл бұрын армандай алмайтын еді. Фетуллахшы террор ұйымы қалыптастырған қорқу империясы себебімен адамдардың басынан кешкендерін,  ұйымдардың қасақана әрекеттерін жариялап айтуы мүмкін емес еді.  Ең алдымен бүгінгі күнге шүкір ету керек.

Фетуллахшы террор ұйымы ең үлкен күшін адамдардың жақсы, таза ниетінен алатын еді. Азаматтар көрінетін бейнелеріне қарап,  оларға сеніп, ұйымға үлкен қолдау берді.  Енді ұйымның өзін жасыру, басқаша көріну тактикалары,  жасырын жоспарлары, өлімді және өлтіруді заңды деп есептейтін нанымы белгілі. Түркия және әлем үшін ең үлкен табыс – ұйымның әшкереленуі, ұйымның жасырын мақсаттарының ашылуы.

Түркияның және түрік халқының керемет ынтасы және ұйымға қарсы қалыптасқан сананың арқасында көптеген елде ұйымның ұжымдық әлеуеті қиратылды. Қоғамның санасы мен ұйым әлеуеті әлсірегеннен кейін енді ұйымның төңкеріс жасап,  жүйе құру күші қалмады. Сонымен бірге жүйе құру күші қалмаса да,  ұйымның әлі күнге қирату, жоюшы күші бар.  Оның басқаруы Пенсильваниядағы ұйым басшысының қолында, ал жендет роботтар бір-бір жанды бомба ретінде Фетуллахшы террор ұйымының жұмыстары тоқтамаған елдерде алшаңдап жүр. Түркия мен Ресейді бір-біріне дұшпан қылу үшін бір террористтің орыс өкілетті елші Карловты өлтіруі секілді террорлық лаңкестік жасау әлеуеттері әлі күнге бар.  Көптеген елде саяси жүйенің ең маңызды орталықтарында «оянбаған», нұсқау күткен ұяшықтар ретінде болмыстарын жалғастыруда. Иа,  адам секілді көрінетін,  түрлері таза жендет робот бағдарламасы мен жоспарлаушысы анықталды.  Бірақ істерін жасырын жүргізгендіктен, кім екендерін жасырғандықтан, жендет роботтар әлі арамызда жұр.  Айырықша жер бетінде осы улы бағдарлама әсер еткен жүз мыңдаған адам бар. Билігі мен қолдану өкілеттігі Америка Құрама Штаттарындағы террорист басшының қолында тұрған осы адам көріністі роботтардың қайтадан еркін,  тәуелсіз,  ойлай алатын адамдарға айналуы үшін бүкіл әлемнің психологтары,  социологтары, дәрігерлері, дін қайраткерлерінің жаңа және тың еңбектері керек. Жендет роботтарды адамға қайта айналдыратын бір шешім табылмайынша,  ешбір ел, ешбір адам, ешбір қоғам сенімде болмайды. Басқа жағынан жендет роботтар тұрған жерлерінде тұрмайды,  олардың өзін жаңалау күші бар.  Жергілікті,  ұлттық,  жаһандық көптеген актермен үйлесімді жұмыс істеу қабілеттері бар.  Бүгінгі таңда жаһандық кейбір актерлермен, барлау ұйымдарымен өте үйлесімді түрде жұмыс істеп отыр.  Сондықтан осы актерлер жендет роботтар өздеріне әрқашан бағынады деп ойлайды.  Осы ұйымның тарихына қарағанда,  ешбір елмен ешқашан тұрақты байланыс құрмағандары,  олар үшін негізгі нәрсенің өз бағдарламалары екені көрінеді.  Сондықтан бүгін тек қолдану үшін байланыста болса да,  ұзын мерзімде FETÖ өзін қолдануда деп есептелген жаһандық актерлер мен барлау қызметтері үшін қауіпті. Өз отбасыларына,  қоғамына,  елдеріне адал болмаған роботтардың жаһандық актерлерге,  барлау ұйымдарына немесе өздері ұжымдасқан елге адал болады деп ойлау қате.

Басқа ешнәрсе жасамаса да,  Түркия мен әлемді күткен осындай қорқынышты басқыншылықтың алдын алғаны,  өзін және отбасын пида қылып, әлемде осы тақырыпта сана қалыптастырғаны үшін Түркия және әлем елдері президент Режеп Тайып Ердоғанға қарыздар.

 



Ұқсас жаңалықтар