«Майданда және келіссөз үстелінде Әзербайжанмен біргеміз»

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Твиттерден хабарлама жариялады.

1498264
«Майданда және келіссөз үстелінде Әзербайжанмен біргеміз»

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Майданда және келіссөз үстелінде Әзербайжанмен біргеміз» деді.

Мевлүт Чавушоғлу Твиттер арқылы хабарламасында президент Режеп Тайып Ердоғанның Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен, өзінің болса Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов және Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефонда сөйлескенін, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) Минск тобы тең төрағаларымен байланыста екендерін атап көрсетті. Чавушоғлу «Шешімсіздіктен пайда түсіретінін ойлаған Армения тағы шегінен шықты, бұл жолы жауабы майданда қайтарылады. Майданда және келіссөз үстелінде Әзербайжанмен біргеміз» деді.

Азанғы уақытта Армения-Әзербайжан майдан желісінде армян күштері Әзербайжан бейбіт аймақтарына шабуыл жасаған соң қақтығыстар басталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар