Әзербайжан Армениядан 193 елді мекенді құтқарды
Ұлттық Қорғаныс министрлігі Әзербайжанның қазірге дейін жалпы 193 елді мекенді жаулап алудан құтқарғанын хабарлады.
Әзербайжан армиясы Армения армиясынан құтқарылған елді мекен санын 193-ке көбейтті.
Ұлттық Қорғаныс министрлігі Әзербайжанның қазірге дейін жалпы 193 елді мекенді жаулап алудан құтқарғанын хабарлады.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік ақпарат желісінен Әзербайжандағы соңғы жағдайға байланысты мәлімдеме жарияланды.
Мәлімдемеде Арменияның бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-мен ынтымақтастық орнатып, атысты тоқтату келісіміне қайшылық жасағаны және бейбіт халықты қырғындауды жалғастырғаны баса айтылды.
Министрліктің мәлімдемесінде:
"Батыр Әзербайжан армиясы майданда күші мен қабілетін жарыққа шығарып, асқақ жігермен күресу арқылы жауланып жатқан өз территориясын құтқаруды жалғастыруда. Табысты шабуыл әрекетімен Армения армиясынан құтқарылған елді мекен санын 193-ке жеткізді" деп хабарланды.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.