Абдуллах Ерен Әзербайжанда

Ерен Әзербайжанның әділетті күресін қолдайтындарын тілге тиек етіп, екі ел диаспорасының ортақ әрекет жасауының маңыздылығына тоқталды.

1521183
Абдуллах Ерен Әзербайжанда
eren-muradov.jpg
eren azerbaycan.jpg

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының төрағасы Абдуллах Ерен территорияларын құтқару операциясын жүргізіп жатқан Әзербайжанға қолдау сапарымен барды.

Ерен Әзербайжан Диаспораға жауапты мемлекеттік комитетінің төрағасы Фуат Мұрадовпен бас қосты.

Мұрадов Еренге Измирдегі зілзалаға орай көңіл айтты.

Түрік диаспорасының Әзербайжанда бірге күрес жүргізгенін жеткізген Мұрадов қолдаулары үшін алғыс айтты.

Ерен Әзербайжанның әділетті күресін қолдайтындарын тілге тиек етіп, екі ел диаспорасының ортақ әрекет жасауының маңыздылығына тоқталды.

Ерен Әзербайжан Экология және Табиғи байлықтар министрі Мұхтар Бабаевпен кездесті. 

Екі ұйым арасында ізгі тілек хаттамасына қол қойылды. 

Ерен баспасөзге Әзербайжан территориясының 30 жылдан бері жауланып жатқанын айтты.

Ерен сөзін былай жалғады:

"Армения бейбіт елді мекендерге шабуыл жасады, алайда Әзербайжан олай істемеді, істемейді де. Әйелдер мен балаларды қамтыған көптеген адам шейіт болды. Әлем үн-түнсіз отыр.  Егер Әзербайжан осылай істеген болса,  дауыстары асқақ шығар еді. Әлем қоғамының Армения шабуылдарына үнсіз қалуын айыптаймыз. Түркия Әзербайжанның қасында болады. Біз де өз ұйымымыз аясында Әзербайжанға ұйымшылдық ішінде, иық тіресе отырып, жәрдем береміз. Әзербайжанның әділетті күресте жеңіске жетуін тілейміз."

Ерен сапары аясында Армения балистикалық зымыранмен шабуыл жасаған Гендже қаласына да барады. 



Ұқсас жаңалықтар