Абдуллах Ерен Гендже қаласында болды

Абдуллах Ерен және қасындағы делегация армяндардың шабуылдарына душар болған Гендже қаласына барды.

1521751
Абдуллах Ерен Гендже қаласында болды

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының төрағасы Абдуллах Ерен Арменияның әзербайжандық бейбіт тұрғындарға бағытталған шабуылдарына әлемнің үнсіз қалғанын айтты.

Абдуллах Ерен және қасындағы делегация армяндардың шабуылдарына душар болған Гендже қаласына барды.

Армения баллистикалық зымыранмен шабуылдаған,  26 бейбіт тұрғын қаза тапқан Гендже қаласына барған Ерен, Әзербайжан Диаспора комитетінің төрағасы Фуад Мурадов, Гендже қаласы әкімі Ниязи Байрамов және Түркияның Гендже бас консулы Зеки Өзтүрік құлаған ғимараттарға гүл шоқтарын қойды. Осында дұға қылған Ерен: «Балалар жетім қалды.  Перзенттерінен айрылған ата-аналар бар.  Бейбіт тұрғындар қаза тапты» деді.

 Ол әлемнің үнсіз қалғанын айтып: «Әлемге тағы да TRT World, TRT Арабша, Анадолы агенттігі осы оқиғаларды жеткізді. Түркиядағы теледидарлар хабарлады.» деді.

Абдуллах Ерен әрқашан Әзербайжанның жанында болатындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар