Тағы жеті ауыл азат етілді

Әзербайжан армиясы армяндардың бір ұшағын құлатты.

1521877
Тағы жеті ауыл азат етілді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев армияның тағы жеті ауылды армян оккупациясынан құтқарғанын хабарлады.

Әлиев: «Жеңімпаз Әзербайжан армиясы Жебраилдің Мирек және Кавдар, Зенгиланның Мешедиисмаиллы және Шефибейли, Губадлының Башарат,  Каракишилер және Каражалы ауылдарын оккупациядан азат етті.  Жасасын Әзербайжан армиясы! Қарабах – Әзербайжандікі» деп жазды.

Әзербайжан армиясы Таулы Қарабахта 27 қыркүйек күні басталған  операциясында төрт қала орталығы, үш аудан және 200 шақты ауыл мен кейбір маңызды төбелерді Армения басқыншылығынан азат етті.

Сонымен қатар ТР Ұлттық Қорғаныс министрлігі шабуылға дайындалған бір армян ұшағын Әзербайжан армиясының құлатқанын хабарлады. Хабарламада: «Арменияның шабуылға дайындалған Су-25 әскери ұшағы құлатылды.  Осылайша Арменияның құлатылған ұшағы жетіге жетті» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар