Армян жасақтарына тойтарыс берілді

Майданның бақылауы Әзербайжан армиясының қолында.

1522121
Армян жасақтарына тойтарыс берілді

Әзербайжан армиясы түні бойы шабуылдаған Армения жасақтарына тойтарыс берді.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Агдере мен Хожавенд бағытында қақтығыс болғанын білдірді.

Армения жасақтары майданның кейбір жерлерінде қызметкерлері мен әскери жабдықтарынан айрылды.  Шығынға ұшыраған армяндар кері шегінді. Майданның бақылауы Әзербайжан армиясының қолында.

Министрлік Армения армиясының екі ел шекарасында да бітімді бұзғанын,  Армения жерінен Товуз, Гедебей және Дашкесен қалаларындағы Әзербайжан бекіністеріне оқ атылғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар