Арменияның шабуылында 92 адам қайтыс болды

Мәлімдемеде Арменияның шабуылдарында 2 мың 971 тұрғын үй және 502 мемлекеттік ғимараттың зақымдалғаны хабарланды.

1522363
Арменияның шабуылында 92 адам қайтыс болды

Арменияның Әзербайжанның елді мекендеріне зеңбірек және зымыран шабуылында  қайтыс болған адам саны 92-ге шықты. 

Әзербайжан Бас прокуратурасы тарапынан жасалған мәлімдемеде Арменияның 28 қазанда Берде қаласына ұйымдастырылған зымыран шабуылында жарақаттанып емделіп жатқан бір адамның қайтыс болғаны білдірілді. 

Осылайша 27 қыркүйек және 5 қараша күндері аралығында 92 әзербайжандық азаматтың қайтыс болғаны түсіндірілген мәлімдемеде 404 адамның жарақат алғаны баяндалды. 

Мәлімдемеде Арменияның шабуылдарында 2 мың 971 тұрғын үй және 502 мемлекеттік ғимараттың зақымдалғаны түсіндірілді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар