Тағы да 23 ауыл азат етілді

Бұл туралы президент Әлиев хабарлады.

1524514
Тағы да 23 ауыл азат етілді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан армиясының тағы да 23 ауылды армян оккупациясынан азат еткенін хабарлады.

Әлиев әлеуметтік желі есебінен «Жеңімпаз Әзербайжан армиясы Фузулидің Гобу Дилагарда, Ял Пирахмедли, Жоғары Яглывенд,  Дилагарда, Сейит Махмудлу және Әлескерли, Ходжалының Демирджилер, Чанакчы, Медеткенд және Сыгнак, Хожавендтің Сусанлык, Доми, Туг, Акаку және Азых, Жебраилдің Хусеналылар, Сөюдлү және Төменгі Сирик, Губадлының Жоғары Моллу, Төменгі Моллу және Хожик, Зенгиланның Кечикли және Өрдекли ауылдарын азат етті.  Жасасын Әзербайжан армиясы! Қарабах Әзербайжандікі» деп жазды.

Әзербайжан армиясы Таулы Қарабахта 27 қыркүйек күні басталған операциясында бес қала орталығы,  үш аудан және 240 шақты ауылды Армения басқыншылығынан құтқарған болатын.



Ұқсас жаңалықтар