Армения жеңілгенін мойындады

Таулы Қарабахта бітім жасалды.

1524865
Армения жеңілгенін мойындады

Армения Таулы Қарабахта Әзербайжаннан жеңілгенін мойындады.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян әлеуметтік желіде жариялаған хабарламасында: «Ресей және Әзербайжанмен Таулы Қарабахтағы соғысты доғару үшін келістік» деп жазды.  Пашинянның «Орыс лидер Владимир Путин және Әзербайжан лидері Ильхам Әлиевпен атысты тоқтату үшін ортақ мәлімдемеге қол қойдық.  Басқа амалым жоқ еді. Бұл мен және Армения халқы үшін өте қайғылы» деген сөздері назар аударды.
Халықтың наразылықтарына да тоқталған Пашинян: “Халықты көтеріліске азғыратын барша әділет алдына шығарылады» деді.
Осы арада Ереван секілді Арменияның барлық жерінде Пашинянға қарсы наразылықтар басталды. Үкімет ғимаратын басып алған шерушілер бұл жолы парламент ғимаратына да кірді. Олар Қарабахтағы соғыстың жалғастырылуын талап етті.

Әзербайжан армиясы Таулы Қарабахта отыз жылдық армян оккупациясын бітіру үшін 27 қыркүйек күнінен бері операция жүргізіп келе жатқан еді.



Ұқсас жаңалықтар