Шуша қаласында Әзербайжан байрағы желбіреді

Байрақты желбіреткен әскер: "Жасасын Бас қолбасшы! Жасасын Әзербайжан халқы! Қарабах Әзербайжанға тән!" деді.

1524735
Шуша қаласында Әзербайжан байрағы желбіреді

Әзербайжан армиясы жаулап алудан құтқарылған Шуша қаласында Әзербайжан байрағын желбіретті. 

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения жаулап алуынан құтқарылған Шуша қаласының көріністерін бөлісті.

Көріністерде қаланың көшелері, даңғылдары мен түрліше суреттері бар. 

Шуша қаласы Төменгі Гоухар ага және Жоғарғы Гоухар ага мешіттері сияқты тарихи ғимараттар да бар көріністерде Әзербайжан әскерлері қаладағы құрылыстың төбесінде Әзербайжан байрағын желбіретті.

Камераға қарап сөйлеген әскер:

"Құрметті Бас қолбасшым, сіздің басшылығыңызда Шуша қаласы жаулап алудан құтқарылды. Жасасын Бас қолбасшы! Жасасын Әзербайжан халқы! Қарабах Әзербайжанға тән!" деді.

Әзербайжан тарихы мен мәдениетінің символы болумен бірге, әрі аймаққа өктем географиясы, әрі Қарабахтың ең ірі қаласы Ханкендиге баратын жол үстіндегі стратегиялық маңызға ие болған Шуша қаласын 1992 жылы 8 маусымда Армения күштері жаулап алған.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 8 қарашада ұлысқа үн қату сөзінде Шушаның құтқарылғанын хабарлаған болатын.      



Ұқсас жаңалықтар