Орыс әскерлері Қарабахта міндетке бастады

Ресей бейбітшілік күші Таулы Қарабахта қақтығыстың тоқтауы және атысты тоқтату келісімінің атқарылуын бақылау үшін жолданды.

1526035
Орыс әскерлері Қарабахта міндетке бастады

Ресей Бас Штаб төрағалығы Ресей бейбітшілік күшінің Таулы Қарабахтағы міндетіне бастағанын хабарлады.

Ресей Бас Штаб төрағалығы операция басқармасының төрағасы генерал полковник Сергей Рудской баспасөз мәслихатында Әзербайжан мен Армения арасында жасалған бітімге сай Таулы Қарабахқа жолданған орыс бейбітшілік күшіне байланысты мәлімдеме жасады.

Аймақта қақтығыстардың тоқтағанын айтқан Рудской Ресей бейбітшілік күші жасақтарының Таулы Қарабахта қақтығыстың тоқтауы және атысты тоқтату келісімінің атқарылуын бақылау үшін жолданғанын білдірді.

Орыс бейбітшілік күшінің аймаққа кіргенін айтқан Рудской:

"Ресей бейбітшілік күші бүгіннен бастап Лачин дәлізі және уақытша бақылау нүктелері үшін Лачин-Лысогорский ауылы жолының бір бөлегін бақылауға алды" деді.

Рудской орыс жасақтарының Армения астанасы Еревандағы Эребуни әуежайына, одан 300 километр алыстағы Горис елді мекеніне жолданғанын хабарлады. 

Орыс әскерлерінің бейбітшілікті қорғау аясында Қарабахта әскери әуе көліктері мен адамсыз әуе көліктерін қолданатынын айтқан Рудской аймаққа жолданған орыс бейбіт күшінің көбі Сирияда тәжірибе жинағанын білдірді.

Таулы Қарабахтағы желіде және Лачин дәлізінде 16 бақылау нүктесі құрылатынын айтқан Рудской Қарабахқа жолданған бейбітшілік күшіне орыс әскери полиция жасақтары да қосылғанын  хабарлады.     



Ұқсас жаңалықтар