Әзербайжан-Қарабах бітімін Түркия да бақылайды

Лейла Абдуллаева  Түркия мен Ресейдің аймақта бейбітшілік күші міндетін атқаратынын айтты.

1526018
Әзербайжан-Қарабах бітімін Түркия да бақылайды

Әзербайжан Армениямен жасалған Таулы Қарабах бітімін бақылауға Түркияның да қатысатынын хабарлады.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Лейла Абдуллаева  Түркия мен Ресейдің аймақта бейбітшілік күші міндетін атқаратынын айтты.

Лейла Абдуллаева Армениямен Ресейдің бітімгерлігінде жасалған келісімнің 5-ші бабына тоқталып:

"Бітімнің атқарылуын тексеру мақсатымен басқару орталығы құрылады.  Бітімде ешбір елдің аты жазылмаған. Бұл күдік туғызуы мүмкін. Алайда аймақта атқарылатын тексеру мен бақылау орталығында Ресей мен Түркия орын алады. Түркияның атысты тоқтату бақылау түйінінде болатыны сөзсіз" деді.

Лейла Абдуллаева Әзербайжанның қасында болғаны үшін Түркияға алғыс айтты.

Лейла Абдуллаева:

"Армения премьер-министрі Никол Пашинян кетсе де, бітім өзгермейді. Бітімге сай Қарабахтан шегіну 20 күн ішінде аяқталады" деп көрсетті.   



Ұқсас жаңалықтар