Армяндар кетіп бара жатып өртеуде

Келбежерді тастап кетіп жатқан армяндар үй мен ормандарды өртеп барады.

1527467
Армяндар кетіп бара жатып өртеуде

Әзербайжан мен Армения арасында Ресейдік араағайындығымен жасалған келісімге сай 27 жылдан бері оккупацияда болған Келбежерді тастап кетіп жатқан армяндар үй мен ормандарды өртеп барады.

Орыс баспасөзінде және әлеуметтік желіде жарияланған көріністерде Келбежердің түрлі өңірлерінде тұратын армяндар кетпей тұрып үйлерін өртеп, қиратқаны көрінеді.  Келбежердің жергілікті тұрғындары әзербайжандықтар кезінде ешбір заты ала алмай шыққан болатын.  Енді олардың құламай қалған үйлерін армяндар қиратып кетіп жатыр.

Армяндар тек үйлерді емес,  төңіректегі ағаштарды да өртеуде.

Әзербайжанның батысында Армениямен шекарада Таулы Қарабахтың солтүстік батысындағы Келбежер 1993 жылы басып алынған болатын. Келбежер қала орталығы мен төңіректегі 128 ауылда тұратын 60 мың әзербайжан азаматы үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды. Олар Әзербайжанның басқа өңірлерін паналады.

Армяндардың оккупациясынан бұрын Келбежерде ешбір армян тұрмайтын еді. Олар сол өңірге Арменияның басқа жерлерінен келіп,  заңсыз түрде қоныстанды.

Ресейдің араағайындығымен жасалған келісім бойынша Армения армиясы 15 қараша күні Келбежерді босатуы керек.



Ұқсас жаңалықтар