Әлиев оккупациядан азат етілген қалаларға барды

Ильхам Әлиевтің жұбайы Михрибан Әлиева осы көріністерді әлеуметтік желіде жариялады.

1528911
Әлиев оккупациядан азат етілген қалаларға барды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армения оккупациясынан азат етілген Фузули және Жебраил қалаларына барды.

Ильхам Әлиевтің жұбайы Михрибан Әлиева осы көріністерді әлеуметтік желіде жариялады. Көріністерде президент Әлиевтің өз көлігін айдап отырғаны көрінеді.

Әлиев көріністерде Жебраил қаласында екендерін және тарихи Худаферин көпірі бағытында екенін айтады.  Ол төңіректе қирап қалған үйлерді көрсетіп, «Бұлар жабайы жау қиратқан Әзербайжан азаматтарының үйлері» дейді.
Көріністерде Әлиев Араз өзенін көрсетіп: «Бұл жер Әзербайжан мен Иранның шекарасы.  Достық шекарасы» деді.



Ұқсас жаңалықтар