"Ағдамның оккупациядан азат етілуі тарихи оқиға"

Әзeрбайжан президенті Ильхам Әлиев Арменияның оккупациясынан құтқарылған Ағдам үшін жаңа дәуірдің басталғанын атап көрсетті.

1531454
"Ағдамның оккупациядан азат етілуі тарихи оқиға"

Әлиев халыққа үндеуінде Ағдам аймағын оккупациядан азат етуге орай барлық әзербайжандықтар мен Ағдам халқын құттықтады.

Әлиев 10 қараша күні Ағдамның оккупациядан азат етілуін «тарихи оқиға» деп бағалап, бұл жерде оккупацияға дейін 143 мың әзербайжандықтың өмір сүргенін, қазір бұл санның 203 мыңға жеткенін мәлімдеді.

Ағдамның осы уақытқа дейін оккупацияда болмаған аумақтарында ірі даму жобаларын жүзеге асырғандарын еске салған Ильхам Әлиев «Енді Ағдам үшін жаңа бір дәуір басталады. Біздің үлкен жоспарларымыз бар. Оккупацияланған топырағымыздағы бар нәрсе жойылды. Ағдам қаласын қалпына келтіреміз. Мемлекет азаматтардың сол жерге оралуына көмектеседі» деді.

Әлиев көршілерімен тұрақты қарым-қатынас орната алмайтын елдің дами алмайтынына назар аударып, «Қауесеттерімен Түркиядан топырақ талап етуде. Оларда ақыл жоқ. Түркия сияқты үлкен бір елден территория талап ету өзіне қол жұмсау деген сөз» деді.

Аймақта армяндармен көршілікті жалғастыратындарын тілге тиек еткен Әзербайжан басшысы «Президент ретінде Оңтүстік Кавказдағы дұшпандықтарды жойып, қарым-қатынастардың қалпына келтірілуін қалаймын. Біздің армян халқымен кезкелген мәселеміз жоқ. Қазір Арменияда ішкі дағдарыс бар. Бұл табиғи процес өйткені осылай ұятқа қалдыратын бір жеңіліс әрине кез-келген елде дүрбелеңге соқтыруы мүмкін. Дағдарыстың артынан Арменияда ақылшыл күштер билікке келген жағдайда, біз олармен ынтымақтастық орнатуға дайынбыз. Дегенмен Әзербайжан халқының қанын төккен қанішерлермен ешбір қарым-қатынасымыз болмайды» деді.

Ильхам Әлиев батыс елдерін әрі Арменияның Әзербайжанның бейбіт аймақтарына жасаған қанды шабуылдарын, әрі Армениядағы оппозицияға жасалған қаталдыққа қарсы үнсіз қалумен айыптап, «Еуропа Кеңесі қайдасың?

Әзіюербайжанды менсінбейтін және біздің беделімізді шайқалтуға тырысатын Еуропа кеңесі қайда, неге үндемейді? Қайда сіздің демократияңыз, адам құқықтарыңыз? Ірі мемлекеттер, өздерін «Еуроодақ басшысы» деп танытқан елдер, неге үндемей отырсыздар?» деді.



Ұқсас жаңалықтар