Қарабахта Түрік байрағы желбіреді

Әзербайжан әскері: "Түркияның құрметіне Түрік байрағын Әзербайжан байрағымен бірге желбіретеміз. Қарабах Әзербайжанға тән" деді.

1530900
Қарабахта Түрік байрағы желбіреді

Әзербайжан әскерлері таулы Қарабах аспанында Түрік байрағын желбіретті.

Әзербайжан мен Армения арасында қол қойылған келісімге сай Арменияның босатқан аймақтарына Әзербайжан армиясы орналасуда.

Әлеуметтік желіде бөлісілген көріністерде Қарабахта тұратын Әзербайжан әскерлері осы жерге Түрік байрағын ілген.

Көріністерде Түрік байрағын ілген бір әскер:

"Қарабахты құтқаруда бізге жақын қолдаушы болған бауырласымыз, бір ел, екі ұлт болған Түркияның құрметіне Түрік байрағын Әзербайжан байрағымен бірге желбіретеміз. Қарабах Әзербайжанға тән" деді.  
 



Ұқсас жаңалықтар