Әзербайжан армиясы 27 жылдан кейін Ағдамға кірді

Әзербайжан армиясы 27 жылдан бері Армения оккупациялаған Ағдам қаласына кірді.

1531036
Әзербайжан армиясы 27 жылдан кейін Ағдамға кірді

Әзербайжан армиясы Армения кері шегінген Ағдамға қоныстанды.

Әзербайжан мен Армения арасында Ресейдің делдалдығымен жасалған атысты тоқтату туралы келісімге сәйкес Армения күштері мен кейбір ауылдарға кейіннен қоныстанған армян халқы Ағдамнан кетсе, бұл аймаққа Әзербайжан армиясы қоныстануда.

Әлеуметтік желідегі бейне көріністерде Әзербайжан армиясына тиесілі бірнеше сауытты көліктің Ағдамға қарай жылжығаны, жолдың жағалауындағы әзербайжандықтардың әскерлерге ұран тастап, сүйіспеншіліктерін көрсеткені байқалады.

Басқа жағынан Ағдам аймағынан шегінуін жалғастырған Армения армиясы қолданған бір қауіпсіздік учаскесі мен бақылау бекеттерін өртеді.

Майдан желісінің Әзербайжанның бақылауындағы аймақтарынан түсірілген бейне көріністерде Армения армиясы тұрған жерлерден түтін көтеріліп жатқаны көрінеді.

Әзербайжан мен Армения арасында Таулы Қарабах дағдарысына қатысты келісімге қарағанда Армения күштері Ағдам қаласын 20 қараша күні толығымен босатуға тиісті.

Ағдам қаласының шамамен 77 пайыздық бөлігі 1993 жылы Армения армиясы тарапынан оккупацияланған болатын. Оккупация себепті шамамен 200 мың әзербайжандық елді-мекендерін тастап кетуге мәжбүрленді.



Ұқсас жаңалықтар