Әзербайжанның Таулы Қарабах аймағы құтқарылды

Еуразия күн тәртібі – 47

1530878
Әзербайжанның Таулы Қарабах аймағы құтқарылды

Бүгінгі бағдарламамызда Әзербайжанның Таулы Қарабах жеңісіне тоқталамыз.

2020 жылы 27 қыркүйекте Арменияның шабуыл жасауына орай Таулы Қарабахта ауыр қақтығыстар басталды. Шуша қаласын Әзербайжан армиясы жеңіп алғаннан кейін Армения жеңілгенін қабылдап, атысты тоқтату келісіміне қол қоюға мәжбүр қалды. Ресейдің бітімгерлігімен үштік келісімге 2020 жылы 10 қарашада қол қойылды.

44 күн жалғасқан соғыста Әзербайжан армиясы жаулап алынған 7 аймақты, Шушаны қамтыған 7 ауылды құтқарды. Таулы Қарабахтың мәртебесі кейін нақтыланады. Келісімге сай Агдам аймағы 20 қарашада, Келбежер 25 қарашада, Лачин 1 желтоқсанда босатылады. Жерінен, мекенінен айырылған иммигранттар БҰҰ Миграция Жоғарғы комиссариаты басқаруында Таулы Қарабах пен төңірегіндегі аймақтардағы үйлеріне қайтады.

Келісімнің 3-ші бабына сай Таулы Қарабахтағы майдан шебі мен Лачин дәлізі жағасына жалпы 1.960 әскер, 450-ден астам көліктен құралған Ресейдің бейбітшілік күші орналасты. Ресей бейбітшілік күші аймақта 5 жыл тұрады. Түркия мен Ресей Қорғаныс министрлері атысты тоқтатуды бақылау үшін Түрік-орыс бақылау орталықтарын құруға байланысты келісімге қол қойды.

Осы келісімнің 9-шы бабы Нахичевань Автономиялық Республикасын Әзербайжанға жалғайтын қатынас дәлізінің ашылуын қамдайды. Осылайша Түркия Әзербайжан және Орталық Азия аймағымен құрлықтан жалғанады. Карс-Ыгдыр-Нахичевань темір жолы жобасы жасалып бітсе, келесі қадамда Нахичеваньды Бакуге жалғайтын темір жолды салу күн тәртіпке келеді.

Аталмыш келісімнен кейін Армения былықты. Ереванда халық премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін сұраған ереуілдер өткізуде. Қауіпсіздік пен бақылау күштері де оппозицонерлерді төңкеріс жасауға талпынды деген сылтаумен түрмеге жапты.

Соғыс кезінде армян шабуылдары себепті Әзербайжанда 100-ден астам жай азамат қаза тапты. Армения бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап, соғыс және адамгершілікке жат қылмыс жасады.

Келісімге сай жаулап алған жерлерден кетіп жатқан армяндар үйлерді, мектептерді, ормандарды өртеп, бүлдіріп кетуі олардың бұл жерді отаны ретінде қабылдамағанын көрсетті. Керісінше, әзербайжандықтар 1994 жылы аймақтан айдалған кезде үйлерінің кілтін қасына алып, күндердің бірінде отандарына оралатындарына сенген еді. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев айтқандай, Армения жаулап алған аймақтарға берген зияндары үшін төлемақы төлегені жөн.

Әзербайжан Бас прокуратурасы Таулы Қарабахқа Әзербайжан армиясымен соғысу үшін Сирия, Ливан және Ирактан келген PKK/PYD/YPG террористік ұйымы мүшелеріне тергеу бастады. Империалистік күштердің Қарабахты террор ұясына айналдыру қиялдары суға кетті. Соғыстың соңында аймақтағы негізгі күштің Түркия мен Ресей екені, Батыс елдерінің аймақтағы ескі күштерін жоғалтқаны айқындалды.

Таулы Қарабах жеңісі Түркі әлемінің сенімін асқақтатты. Күні жеткенде жауланып жатқан өзге түрік территориялары да құтқарылатын болады. Түркі әлемінің тұтасу талпынысы осыдан бастап жылдамдайды.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.


 

 



Ұқсас жаңалықтар