Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1533243
Әлем баспасөзіне шолу

 

Deutsche Welle: Түркия Сыртқы істер министрлігі «Roseline-A» атты түрік кемесінің Ливия су аудынында тоқтатылуына байланысты Еуропа Одағы, Италия өкілетті елшілеріне және Германия елшілік кеңесшісіне нота берілгенін хабарлады.

Spiegel.de: Немістің «Гамбург» фрегаты Ливия маңында түрік жүк кемесін халықаралық құқыққа қайшы түрде тоқтатып,  бірнеше сағат бойы тінтті.

Tagesschau.de: Германия Денсаулық сақтау министрі рұқсат алынғаннан кейін желтоқсан айында вакцина егу ісі басталатынын білдірді.

Al-Quds Al-Arabi: Америка Құрама Штаттарында болған президенттік сайлаудан жеңіспен шыққан Джо Байден палестиналық активист Рима Дудинді жоғары деңгейде бір қызметке тағайындады.  

Al Jazeera: НАТО мен Еуропа Одағы Байденді қарым-қатынастарды қайтадан құруға шақырды.

Al-Raya (Kaтар): ЮНИСЕФ алдымыздағы жылдың басында үлкен акция ұйымдастырып, кедей елдерге ковид-19-бен күрес мақсатында шамамен екі миллиард доза вакцина тарататынын хабарлады.

El País (Испания): Испанияда коронавирусқа қарсы қабылданған сақтық шаралары инфекцияның екінші толқынын тоқтатты.

El Mundo (Испания): Испанияда жүргізілген бір зерттеуге қарағанда, аллергиялық астма науқастары коронавирусқа аз шалдығады.

Infobae (Аргентина): Венесуэла мұнайы тарихтың ең ірі жоғалған қазынасы болу қаупінде.

Le Monde: Францияның бас қаласы Парижде Республика мүсінінің қасындағы бір босқын лагері қауіпсіздік қызметкерлерінің күшімен таратылды.

Le Figaro: АҚШ президенті Дональд Трамп билікті тапсыруға жасыл шырақ жақты.

France 24: Сovid-19: Ұлыбританияда жаңа жалпы карантин желтоқсан айының басында алынып тасталады.

TASS агенттігі: Таулы Қарабахта мина жарылып,  Әзербайжан Қарулы күштерінің бір офицері шейіт болды.  Орыстың бір әскері де жарақат алды.

Ria Novosti агенттігі: Ресей Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабахта мина тазалау жұмыстары жүріп жатқанын білдірді.

Lenta.ru: Ресейден Еуропаға мұнай мен табиғи газ экспортының азаятыны болжалуда.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Елді мекендерді газдандыруды белсенді жалғастыру керек - Асқар Мамин.

Егемен Қазақстан газеті: Президент Елбасы еңбек еткен комбинаттың өндіріс қуатын арттыру керек деп санайды.
 

 

 



Ұқсас жаңалықтар