Әлиевтің халыққа үндеуі

Президент азат етілген жерлердің қайта салынатынын білдірді.

1534194
Әлиевтің халыққа үндеуі

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Келбежердің басқыншылықтан құтқарылуына байланысты ұлтқа жолдау жасады. Ол тарихи Әзербайжан жері  - Келбежердің елдің ең ірі қалаларының бірі екенін айтты.

Президент Келбежердегі шіркеу мен мешіттердің Әзербайжанның тарихи байлығы екенін атап көрсетті. Ол осындағы шіркеулердің Кавказ Албаниясы мемлекеті дәуірінен қалғанын, «көз бояушы армян тарихшылардың» осы ғибадатханаларды өздерінікі деп көрсетуге тырысқанын айтты.

Әлиев аймақтағы христиан ғибадатханаларына байланысты уайымдарын жеткізген батыс елдеріне Агдам, Шуша, Зенгилан, Жебраил және Фузулидегі өртелген мешіттерге қарауына кеңес берді.

"Осы мешіттер қиратылды немесе шошқа қора ретінде қолданылды. Бұл жағдайға неге уайымдамадыңыздар? Отыз жылдан бері бізден басқа ешкім осы тақырыпқа көңіл бөлмеді? Мен осы тақырыпты халықаралық жиналыстарда шетелдік әріптестерімен талай рет айттым. Неге ешкім уайымдамады? Неге халықаралық делегация жолдамады? Әзербайжан халқы осы сұрақтарға жауап сұрайды. Жауапты білеміз. Сондықтан біздің ісімізге араласқысы келгендер алдымен айнаға қарасын» деді ол.

Әлиев Келбежердің керемет табиғаты мен бай мәдени мұрасын мақтады. Ол армяндардың осы жерден ағатын өзендердің бағытын өзгертіп,  Әзербайжанға қарсы табиғат террорын жасағанын атап көрсетті.  Әлиев оккупациядан азат етілген жерлерді қайта салатындарын білдірді. «Келбежерді қайта құрамыз, жау барлық жерді құлатып кеткен. Барлығын қайтадан саламыз. Заңсыз қоныстар салған. Армениядан және шетелден азаматтар әкелініп,  заңсыз көшірілген. Бұл Женева келісіміне қарағанда соғыс қылмысы. Жаудың соғыс қылмыстары мен қиратқан нәрселерінің есебін сұраймыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар