Әзербайжан армиясы Кельбаджарда

Армяндардың Кельбаджардан кету алдында үйлер, мектеп және мемлекеттік ғимараттарды өртегені, зақымдағаны хабарланды.

1533671
Әзербайжан армиясы Кельбаджарда

Әзербайжан армиясы 27 жылдан бері жауланған Кельбаджарға кірді.

Әзербайжан мен Армения арасында қол қойылған келісіммен бірге 10 қарашадан бастап Таулы Қарабахтағы қақтығыстар тоқтады, Армения Әзербайжаннан жеңілгенін қабылдады.

Келісімге  сай Армения Таулы Қарабахтағы 7 аймақтан шегінуді қабылдады. 

Арменияның Кельбаджарды 15 қарашада тапсырылуы сұралған, алайда аймақтың географиялық шарттар және мүмкіндіктер жетпеуі себепті Ереванның талабымен уақыт 25 қарашаға дейін ұзарған еді.

Әлеуметтік желілер мен орыс хабар парақшаларында жарияланған көріністерде Кельбаджардың түрліше аймақтарында тұратын армяндардың кету алдында үйлер, мектеп пен мемлекеттік ғимараттарды өртегені, кейбір құрылыстарды құлатқаны көрілген болатын.

Армения тарапына берілген қосымша уақыттың бітуімен Әзербайжан армиясы Кельбаджарға кірді.  



Ұқсас жаңалықтар