Әзербайжаннан Францияға наразылық

Әзербайжан Франция сенатының шешімінің «арандатушылық» екенін жариялады.

1534754
Әзербайжаннан Францияға наразылық

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Франция сенатының «Таулы Қарабах Республикасын» мойындаған шешімінің «арандатушылық» екенін жариялады.

Министрлік осы жайлы хабарлама жариялады.  Әзербайжан СІМ Франция сенатының шешіміне қарсы шықты. Бұл шешімді Арменияны жақтайтын сенаторлардың ұсынғаны айтылған хабарламада «Француз сенатының бір жақты шешімді бекітуі арандатушылық деп қабылданады» деп айтылды.

«Араағайын ролін алған бір елдің осындай шешім қабылдауы осы елдің бейтараптығы жөнінде күдік оятады.  Бұл шешім Әзербайжан қоғамындағы Францияның беделін түсіреді» деп жазылды.



Ұқсас жаңалықтар