Әлем жұртшылығы қарап қалмауы керек

Гүнай Эфендиева оккупацияланған Әзербайжан жеріндегі қалаларды қиратқан Арменияға наразылық білдірді.

1535190
Әлем жұртшылығы қарап қалмауы керек

Халықаралық Түрік Мәдениет және мұра фондының төрайымы Гүнай Эфендиева оккупацияланған Әзербайжан жеріндегі қалаларды қиратқан Арменияға наразылық білдірді.  Ол әлем жұртшылығын осы жағдайға үндемей қалмауға шақырды.

Гүнай Эфендиева басқыншылықтан азат етілген Фузули қаласына барғанын,  көргендеріне қатты қайғырғанын білдірді. Оның айтуынша Фузули қаласындағы барлық ғимараттар қиратылған. Азаматтық ғимараттар мен тарихи жәдігерлер жойылған.

«Фузулиде қорқынышты жағдаймен бетпе-бет келдік.  Осында тарихи ескерткіштер, мешіттер,  мазарлар, керуенсарайлар мен ғимараттар қиратылған.  Әлем жұртшылығы бұған қарап қалмауы керек» деді ол.

27 жыл бойы Арменияның басқыншылығында болған Фузули қаласы 17 қазан күні азат етілген еді.



Ұқсас жаңалықтар