Армения келісім бойынша Лачын қаласынан бүгін шегіну керек

Армения 1992 жылы Лачын қаласын оккупациялаған болатын.

1536841
Армения келісім бойынша Лачын қаласынан бүгін шегіну керек

1992 жылы оккупациялаған Лачын қаласын 28 жылдан кейін Әзірбайжанға өткізу үшін Арменияға берілген мерзім бүгін аяқталады.

Әзербайжан мен Армения арасында Ресейдің бітімгерлігімен қол қойылған келісім бойынша Келбеджер және Ағдамнан шегінген Арменияға Лачынды кеш дегенде сағат 24:00-ге дейін босатуға уақыт берілген болатын.

Армения күштеріне қоса аймаққа кейіннен заңсыз түрде қоныстанған армян тұрғындар Лачыннан бүгін шығу керек.

Армения шекарасындағы Лачын қаласы Таулы Қарабах пен Армения арасындағы жалғыз қатынас жолы болған «Лачын коридоры» деп аталған жолдың стратегиялық маңызына орай 1990 жылғы соғыста армян күштерінің алғашқы нысанасы болды.

Сол жылы алдымен Ханкенди мен Шуша қалаларын басып алған Армения күштері 18 мамыр күні Лачынды оккупациялаған болатын. Қала орталығы 1 аудан мен 125 ауылы бар Лачында Арменияның оккупациясы алдында 65 мыңнан астам әзербайжандық өмір сүретін. Сондай-ақ оккупация алдында Лачында армян текті бейбіт тұрғындар болмаған.

Әзербайжан армиясы 27 қыркүйек күні басталған операциялары шеңберінде 5 қала орталығы, 4 аудан мен 286 ауылды азат еткен соң Армения жеңілгенін мойындады және келісім бойынша оккупациялаған Ағдам, Лачын мен Келбеджер қалаларынан шегінетінін жариялады.

Армения армиясы 20 қараша күні Ағдамнан, 25 қараша күні де Келбеджерден шегінді.

 



Ұқсас жаңалықтар