Түрік әскерлері Әзербайжан армиясына білім береді

Түрік Қарулы Күштері Әзербайжан армиясына мина тазалау және жою, бақылау тақырыптарында білім береді.

1537136
Түрік әскерлері Әзербайжан армиясына білім береді

Түрік Қарулы Күштері Армения жаулап алуынан құтқарылған аймақтарда Әзербайжан армиясына әскери білім береді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі:

"Құрлық күштеріміздің мина, қол бомбаларды анықтау және жою, жарылғыш заттарды бақылау және жою бөлімдері Армения жаулап алуынан құтқарылған аймақтарда бауырлас Әзербайжан армиясына қолдау бере бастады. Қол бомбаларды анықтау және жою, жарылғыш заттарды бақылау және жою бөлімдеріміз әрі мина тазалайды, әрі Әзербайжан армиясына білім береді" деген мәлімдеме жариялады. 



Ұқсас жаңалықтар