Әзербайжан туы Лачында желбіреді

Әзербайжан армиясы қала орталығына ту тікті.

1537375
Әзербайжан туы Лачында желбіреді

1992 жылы Армения басып алған Лачын қаласына 28 жылдан кейін кірген Әзербайжан армиясы қала орталығына ту тікті.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің бейне көріністерінде қалаға кірген әскерлердің қолбасшысы Лачында ту тігілген ғимарат алдында сөйлеп тұр. Ол президент Ильхам Әлиевке үн қатып: «Құрметті бас қолбасшы, Әзербайжан туы Лачын қаласында желбіреп түр.  Жасасын Әзербайжан, жасасын Бас қолбасшы. Қарабах Әзербайжандікі» деді.

Әзербайжан армиясының 27 қыркүйек күні басталған операциясында бес қала орталығы,  төрт аудан және 286 ауыл азат етілді. Армения жеңілгенін мойындады,  басқыншылық астындағы Агдам, Лачын және Келбежер қалаларын беретінін білдірді.

Армения армиясы 20 қараша күні Агдамнан, 25 қараша күні де Келбежерден кеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар