10 қараша Жеңіс күні ретінде жарияланды

Президент жарлыққа қол қойды.

1538232
10 қараша Жеңіс күні ретінде жарияланды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Арменияның жеңілісті қабылдаған декларацияға қол қойылған күн 10 қараша күнін Жеңіс күні деп жариялады.

Әзербайжан презденттік аппаратының хабарламасына қарағанда, Әлиев 10 қараша күнін Жеңіс күні деп жариялады. Жыл сайын тойлануы үшін шешім берді.

Әлиев айырықша Әзербайжан армиясы территорияларды азат ету үшін операция бастаған күн болып табылатын 27 қыркүйек күнін де Шейіттерді еске алу күні деп жариялады.

Әзербайжан армиясының 44 күндік операциясында бес қала орталығы,  төрт аудан мен 286 ауыл армян оккупациясынан құтқарылған болатын.

Армения басқыншылық астындағы Агдам, Лачын және Келбежер қалаларын босатуға уәде берген келісімге 10 қараша күні қол қойған еді.

Ел астанасы Бакуде осы үлкен жеңіс үшін ресми рәсім ұйымдастырылады.



Ұқсас жаңалықтар