8 қараша - Әзербайжанда Жеңіс күні

Әлиев «Жеңіс күні» деп белгіленген 10 қарашаны Шуша оккупациядан азат болған күн - 8 қараша күнімен өзгертті.

1538965
8 қараша - Әзербайжанда Жеңіс күні

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев «Жеңіс күні» деп белгіленген 10 қарашаны Шуша оккупациядан азат болған күн - 8 қараша күнімен өзгертті. Өйткені 10 қараша Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болған күнмен сәйкес келеді.

Әзербайжан Президенттік аппараттың хабарламасына қарағанда,  Армения жеңілісін қабылдаған декларацияға қол қойылған күн және президент Ильхам Әлиев тарапынан «Жеңіс күні» деп жарияланған 10 қараша күні Ататүріктің қайтыс болған күні болуына байланысты өзгертілді. Хабарламада Әзербайжанды шын жүректен сүйген және «Әзербайжанның қуанышы біздің де қуанышымыз,  қайғысы біздің де қайғымыз» деген Мұстафа Кемал Ататүріктің құрметпен еске алынғаны атап айтылды.

Президент Әлиев 10 қараша күні Ататүрікті еске алу күні болғандықтан Жеңіс күнін өзгертті. Жеңіс күні бұдан былай Шуша қаласы азат етілген 8 қараша күні тойланатын болды.



Ұқсас жаңалықтар