Әзербайжан армиясының 2 мың 783 сарбазы шәйіт болды

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1538979
Әзербайжан армиясының 2 мың 783 сарбазы шәйіт болды

Таулы Қарабахта жерлерін оккупациядан құтқару үшін жүргізілген операцияларда Әзербайжан армиясының 2 мың 783 әскерінің шәйіт болғаны хабарланды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі 27 қыркүйекте басталған және 10 қарашада Арменияның «жеңілісті қабылдау жөніндегі келісімге» қол қоюмен аяқталған соғыстағы адам шығындары жарияланды.

Мәлімдемеде соғыс кезінде 2 мың 783 Әзербайжан сарбазының шәйіт болып, 1245 сарбаздың жараланғаны атап көрсетілді.

Әлі кім екендігі анықталмаған 103 шәйіт сарбаздардың куәлігін ДНК анализімен анықтау процесінің жалғасқаны білдірілген мәлімдемеде 100-ден астам сарбаздың жоғалып кеткені және оларды іздестіру шараларының да үздіксіз жалғасқаны баса айтылды.

Мәлімдемеде шәйіт болған сарбаздардың есімдері мен атақтары кейінірек көпшілікке жарияланатыны хабарланды.

Әзербайжан армиясы 27 қыркүйекте бастаған операцияда 5 қала орталығы, 4 аудан және 286 ауылды оккупациядан құтқарған соң Армения жеңілісті қабылдап, Ағдам, Лачын және Келбеджер провинцияларынан шегінетінін уәде еткен келісімге қол қойған еді.

Армения армиясы 20 қарашада Ағдамнан, 25 қарашада Келбеджерден және 1 желтоқсанда Лачыннан шегінген болатын.



Ұқсас жаңалықтар