Армения армиясының 80 пайызы жойылды

Әзербайжанға қарсы соғыста 4,8 миллиард долларлық әскери техникасы жойылды.

1540214
Армения армиясының 80 пайызы жойылды

Шамамен 30 жылға жуық оккупациялаған жерлерін тастап кетуден бас тартқан Арменияның Әзербайжанға қарсы соғыста 4,8 миллиард долларлық әскери техникасы жойылды.

Таулы Қарабах және айналасындағы провинцияларды Армения оккупациясынан құтқару үшін 27 қыркүйек күні операция бастаған Әзербайжан армиясы 44 күнге созылған соғыста әрі өз жерлерін құтқарды, әрі Армения армиясына үлкен соққы енгізді.

Оккупация кезеңінде қорғаныс шебін қалың бетон қабырғалармен салған Армения армиясына Әзербайжанның қару қорында орын алған түрік өнімі қарулы пилотсыз ұшақтар үлкен зиян келтірді.

Әзербайжан Мемлекеттік Экономикалық Университетінің зерттеуіне қарағанда Арменияның соғыста 4,8 миллиард долларлық әскери техникасы жойылды.

Арменияның бұрынғы премьер-министрі Грант Багратянның «Біздің армия 80 пайыз жойылды. Армения армиясы жеңілді» деген мәлімдемесі жағдайды ашық түрде ортаға қояды.

Армения 27 қыркүйекте Әзербайжан армиясы бастаған операцияда 5 қала орталығы, 4 аудан және 286 ауыл азат етілгеннен кейін жеңілгенін мойындауға мәжбүр болды. Армения қол қойған атысты тоқтату бітімі бойынша Ағдам, Лачын және Келбеджерден кері шегінді.



Ұқсас жаңалықтар