Түркия Әзербейжанмен жасаған саяхат келісіміне риза

Түркия Әзербайжанға куәлік арқылы кіруге болатын келісімнің жасалуы риза болғанын білдірді.

1543744
Түркия Әзербейжанмен жасаған саяхат келісіміне риза

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Президент Режеп Тайып Ердоған 9-10 желтоқсан күндері аралығында Әзербайжанға жасаған ресми сапары барысында қол қойылған және екі ел азаматтарының куәліктерімен өзара саяхат жасау жеңілдігін жасаған келісімге қатты риза болғаны білдірілді. 

Мәлімдемеде Әзербайжанның түрік азаматтарына жасаған виза режимінің  күшінен қалдыруынан кейін 25 ақпаннан бастап, екі ел азаматтарының төл құжатсыз елде тұру мерзімінің 30 күннен 90 күнге ұзартылғаны еске салынды. 

Мәлімдемеде "Құрметті сыртқы істер министріміз Әзербайжан сыртқы істер министрімен 10 желтоқсанда қол қойған осы келісім арқылы де екі ел азаматтары тек куәлігімен ғана Түркия және Әзербайжанға бара алады" делінді. 

Мәлімдемеде "Халқымыз арасындағы туыстық байланысты тіпті де арттыратын бұл келісім сонымен қатар Түркия мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастардың деңгейін көрсету тұрғысынан да өте маңызды" деген сөздер қолданылды. 

 



Ұқсас жаңалықтар