Әзербайжандағы мина жарылысында 1 бейбіт адам қаза тапты

Армяндар орналастырған минаның жарылуы салдарынан 1 әскерге қоса 1 бейбіт адам жарақат алды.

1545204
Әзербайжандағы мина жарылысында 1 бейбіт адам қаза тапты

Армения күштері орналастырған минаның жарылуы салдарынан Әзербайжанның бір бейбіт тұрғыны қаза тапты, 1 әскерге қоса 1 бейбіт адам жарақат алды.

Әзербайжанның Бас прокуратурасы жасаған мәлімдемеде оккупациядан құтқарылған Ағдам қаласының Шахбулак ауылында бейбіт бір адам мен әскерлерден тұратын бір топтың минаға басқаны атап көрсетілді.

Минаның жарылуы салдарынан бір адамның қаза тапқаны, бір әскер мен бір бейбіт адамның жарақат алғаны атап көрсетілді.

Оқиғамен байланысты бас прокуратура ашқан тергеуде азаматтарға оккупациядан құтқарылған аймақтарға миналардан толық тазаланбай кірмеулері ескертілді.

Алдында тағы миналардан тазартылмаған аймақтарға кірген Әзербайжанның 5 азаматы қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар